Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«Оқиық және жауап берейік»



бет276/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

«Оқиық және жауап берейік»
Бұл тапсырма бойынша мұғалім оқушылардың оқыған мәтінді қаншалықты түсіне алғандығын бағамдайды. Демек, оқушылар оқулық
тапсырмасы бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

5 мин

Жұптық

Оқулық

«Жазайық» айдарының тапсырмасы бойынша оқушылар постерге
«Табиғатты қорғайық!» тақырыбында жарнама жазуды қолға алады. Жарнама жазу үлгісін мұғалім түсіндіріп, үлгі ұсынады.
Мыс: Құрметті достар!
Баршаңызды «Табиғатты қорғайық!» атты акцияға қатысуға шақырамын. Кәне, бәріміз бірге:

  • ағаш бұталарын кесейік;

  • өзенді қоқыстан тазалайық;

  • жануарларға қамқор болайық, т.б. жалғастырып, толықтырады. Жазылым жұмысының өте нәтижелі, мәнді болуы үшін мұғалім оқушылардың жазылым жұмысын былайша ұйымдастыра алады. Алдымен оқушылар өздерінің не жазатындарын жоспарлайды. Одан соң алғашқы нұсқасын жазады. Одан әрі жұбымен талқылап, қатесін анықтайды, кейін оны түзетеді және жетілдіреді. Мұғалімнің уақыт белгілеуімен таза параққа ең соңғы нұсқаны көшіріп жазады. 4.4.2.1 оқыған\аудио\бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу.

4.4.3.1 сөйлемдегі бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі тиісті тыныс белгілерін қолдану осы тапсырма
аясында оқушыларға игертіледі.

12 мин

Мұғалім-сынып
Сынып

Оқулық

Қорытынды бөлім

Оқушыларға карточка үлестіріледі. Мұғалім «Бүгінгі жаңа сөздерді жаз?»
– деген сауал тастайды. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады. Мұғалім бір минут уақытын қалдырып, оқушылармен өткен сабақ туралы кері байланыс орнатады.
Мұғалім сабақты «3-2-1» әдісі арқылы қорытады: Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 нәрсе; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

5 мин

Сынып-мұғалім




Қосымша ақпарат

Бағалау критерийлері

  1. Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкердің іс-әрекетін бағалауға

бағытталған сұрақтар (неліктен ? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру

  1. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)\қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс

белгілерін қолдану

Дескриптор

  • Не үшін? Неліктен? Сұрақтарының мағынасын түсінеді? Орынды қолданады.

  • Сөйлемдерді сауатты жазады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау. Ең жақсы өткен екі жағдай не?
Қандай екі жағдай сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай мәліметтер немесе сыныптағы жекелеген оқушылар туралы ақпарат алдым?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет