Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Түсінеді: ұлттық ыдыстар болатынын түсінеді. Қолданады



бет103/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171
Түсінеді: ұлттық ыдыстар болатынын түсінеді.
Қолданады: сөйлемдерді құрастырады, қарапайым сұрақтарға жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ұлттық ыдыстар немесе суреттері, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: ұлттық ыдыстар – национальная посуда, тостаған – тостаган, торсық – торсык, ожау черпак, тері – кожа.


ҰОҚ барысы


      1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Таңертең не істейміз?» тақырыпты қайталау.
Ойын: «Мен не істегенімді айтпаймын, көрсетемін». Педагог жаттығу жасау, тамақ ішу, ән айту, билеу, сурет салу, ұйықтау қимылмен көрсетеді, балалар не істегенін айтады.
      1. Негізгі кезең


Ойын: «Сиқырлы қоржын». ( Ішінде кесе, қасық, тәрелке). Балалар таныс заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.
Қандай кесе? Неше кесе? Түсі қандай? Қандай қасық? Қандай тәрелке? (Үлкен, кішкентай). Қоржынның екінші жағынан ұлттық ыдыстарды алып, жаңа сөздермен таныстыру, ұлттық ыдыстар туралы қысқаша мағлұмат беру.
– Мынау – торсық.
– Мынау не? (Жеке-жеке «торсық» сөзін дұрыс айтып жаттығып, естеріне сақтайды).
– Торсық теріден жасалады.
– Торсық неден жасалады?
– Торсық теріден жасалады.
– Мынау – тостаған.
– Мынау не?
– Мынау – тостаған.
– Мынау қандай тостаған? (Үлкен, кішкентай).
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.
– Тостағанмен не ішеді?
– Тостағанмен қымыз, айран ішеді.
– Тостаған ағаштан жасалған.
– Тостаған неден жасалған?
– Тостаған ағаштан жасалған.
– Мынау – ожау.
– Мынау не?
– Мынау – ожау.
– Мынау – ұлттық ыдыстар.
– Мыналар – нелер?
– Мынау – ұлттық ыдыстар.
Балалар сөздерді және сөйлемдерді тыңдап, қайталайды.
– Тостаған, торсық сөздеріндегі бірінші дыбыс қандай?
«Т» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы. (Табақ, тауық, тәрелке, тышқан, түлкі, Қима материалдармен жұмыс. Сөздерді бекітуге ойын: «Менде, сенде...». Балалар алдарындағы суреттерін атап, көршісінде ненің суреті екенін сұрайды. Мысалы: Менде тостаған. Сенде не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет