Жасайды: жаңа сөздерді айтады, сөйлемдерді, шағын мәтіндер құрастырады.
Түсінеді: тәулік бөліктері туралы ұғымдарды.
Қолданады: сұрақтарға жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, үлестірмелі материалдар, суретті сөздіктер, жұмыс дәптері, айна, қарындаштар, фишкалар.
Билингвалды компонент: таңертең тұрамын – утром встаю, бетімді жуамын – умываю лицо, тісімді тазалаймын – чищу зубы, жаттығу жасаймын – делаю зарядку, шашымды
тараймын – расчесываюсь, киімімді киемін – надеваю одежду, балабақшаға барамын – иду в детский сад.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбері
Біз кішкентай баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
Сәлеметсіздер ме?! Ойын ойнауға шақырады. Өткен «Тазалықты сүйеміз» тақырыпты қайталау.
Қима материалмен жұмыс. Педагог заттарды атайды, балалар суреттерді көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Негізгі кезең
Қуыршақ Сәуле балаларға тәулік бөліктерін атауды ұсынады. Балалар жауап береді: таң, күн, кеш, түн.
Балаларқуыршақтардың (педагогтің) соңынан сөздер мен сөйлемдерді қайталайды.Сөздік ойын: «Жалғасын тап». Үлестірмелі материалдардың көмегімен сөйлемді толықтырады.
Таңертең...(тұрамын). Бетімді...(жуамын). Тісімді...(тазалаймын).