Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет127/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

Негізгі кезең


Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Бәрін ойын ойнауға шақырады. Көңілді ойын: «Көңілді тапқырлар клубы»
Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог балаларға түрлі түсті қима материалдарды таратады.
Балалар түрлі түсті қима материалдарды түстеріне сәйкес біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір дұрыс жауап – бір ұпай.

  1. Тапсырма. Балабақша тақырыбы бойынша сұрақтар:

    1. Балабақша қандай?

    2. Балабақшада кімдер жұмыс істейді?

    3. Топтарың қандай?

    4. Сурет бойынша сөйлем құра.

  2. Отбасы.

    1. Отбасы мүшелерің ата.

    2. Сенің отбасыңда кімдер бар?

    3. Сурет бойынша сөйлем құра.

  3. Қазақстан Республикасы.

    1. Қай Республикада тұрасың?

    2. Қазақстан қандай республика?

    3. Біздің Отан қалай аталады?

    4. Республика рәміздерін ата, сипатта.

    5. Елорда қай қала? Елорда қандай қала?

    6. Қай қалада (ауылда) тұрасыңдар? Қай көшеде тұрасың? Қалада (ауылда) не бар? 4.Жануарлар.

  1. Үй жануарларын атаңдар.

  2. Төлдерді атаңдар.

  3. Жабайы жануарларды атаңдар.

  4. Жануарлар туралы қандай ертегі, жұмбақ білесіңдер? Ойын соңында ұпайларын санап жеңімпазды анықтайды.

Сергіту сәті


Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Бойымызды жазайық, Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.


  1. Суреттерге қара. Ата. Олар не істейді? Сөйлем құра.

  2. Жануарларды ата. Олар қайда тұрады? Сызықпен қос. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
  3. Рефлексия.


Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтау.
– Қандай тапсырма ең қызықты? Жұмыс дәптеріне өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтар балалармен қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет