Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Қолданылатын көрнекі құралдар



бет130/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   171
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, интербелсенді тақта, жұмыс дәптері, қарындаштар.
Билингвалды компонент: аула – двор, отырғызу – сажать, тазалау – чистить (убирать), арық – арык (канава) .


ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі

Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен тақырыпты қайталауға ойын «Алтын сақа сөз жинайды» өткізеді. Бала сақаны қолына алып, бір сөз айтады, келесі бала сөзді қайталап оған тағы бір сөз қосады. Мысалы: бірінші бала «көктем», екінші бала «көктем, бүршік», т.с.с. Сөздер жиынтығы 2, 3, 4 сөз болуы мүмкін.
«Құс келді» тақпағын қайталау.

Құс келді


Қар су боп жөнелді – Қалды дала жалаңаш. Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
(Б.Қозыкеев)
    1. Негізгі кезең


Демонстрациялық суретпен жұмыс. Жаңа сөздермен таңыстыру.

  • Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? (Көктем).

  • Көктемде ауланы тазалайды. Таза – тазалайды.

  • Көктемде не тазалайды?

  • Көктемде ауланы тазалайды.

  • Мынау – арық. (Суретті көрсетеді).

  • Мынау не?

  • Мынау – арық.

  • Көктемде арықты тазалайды.

  • Көктемде арықпен не істейді?

  • Көктемде арықты тазалайды.

  • Көктемде ағаш отырғызады. (Суретті көрсетеді).

  • Көктемде не істейді?

  • Көктемде ағаш отырғызады.

Балалар сөздерді, сөйлемдерді қайталайды. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» Көктемде ағаш ...
Көктемде (сөйлемді аяқтау үшін суреттер: ағаштар, гүл, гүлдер көрсетіледі).
Көктемде ауланы тазалайды Көктемде ... ...

Дыбыстық жаттығу (айнамен орындалады).


Ө-ө-ө-ө- көк- көк- көк- көктем Ө-ө-ө-ө-шөп-шөп-шөп Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, дұрыс емес пе?». Сөйлем дұрыс болса, «иә» деп жауап беріп сөйлемді қайталайды. Сөйлем құрлымы қате болса, сөйлемді дұрыстап айтады.

    • Көктемде гүл өседі.

    • Көктемде көгөніс піседі.

    • Көктемде отырғызады ағаш. т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет