Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет147/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171
Байланысты:
0 НОВЫЙ КТП

№ 62


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Не? Кім? Қайда?
Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталап, алған білімдерін тиянақтау.
Білімділік міндеті: Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақ қоюға және сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге
жаттықтыру.
Дамытушылық міндеті: ойлау, ауызекі сөйлеу белсенділігін арттыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелік міндеті: білімпаздыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:


Жасайды: өткен тақырыптар бойынша сөздерді айтады.
Түсінеді: Не? Кім? Қайда? сұрақтарын түсініп, орынды қолданады.
Қолданады: сұрақтарға сөйлеммен жауап береді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, ғажап шеңбер, қима суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: шеңбер – круг, ғажайып – удивительный, ұпай – очко, жеңіс– победа.


ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Қайырлы таң, балалар!

«Кел, балалар, ойнайық» әні.
Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.

    • Сәлеметсіздер ме?!

«Не? Кім? Қайда?» ойынын ойнауға шақырады.
  1. Негізгі кезең


Балаларды ғажайып шеңбермен, жаңа сөздермен таныстыру. Ғажайып, ға-жайып. Шеңбер, шең-бер.
Ұпай, ұ-пай. Жеңіс, жең-іс. Сөздерді дұрыс айтып жаттығу.
Ойын шарты: балаларды топтарға бөлуге болады. Шеңберді айналдыру арқылы тапсырманы таңдайды. Тапсырманы орындаған балалар ұпай жинайды. Ойын соңында ұпайларын санап кімнің (қай топтың) жеңгенін анықтайды.
Тапсырмаларды орындау барысында суреттерді атайды. Не? кім? қайда? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Мынау кім? Мынау – тәрбиеші. Тәрбиеші қайда жұмыс істейді? Тәрбиеші балабақшада жұмыс істейді.
Мынау – төсек. Балабақшада төсек бар. Тақырыптар:

  1. Балабақша. Мектеп.

  2. Оқу құралдары мен ойыншықтар.

  3. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары.

  4. Жыл мезгілдері.

  5. Ойын «Дұрыс па?» педагог сөйлемдер айтады. Балалар «иә», «жоқ» деп дұрыс сөйлемді қайталайды, қате сөйлемді түзеп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет