Білімберусалалары: Қатынас, әлеумет
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Ойнайық та ойлайық.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталау, білімдерін бекіту.
Білімділік міндеті: меңгерген сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға талпындыру. Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық міндеті: ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа толық жауап беруге машықтандыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Тәрбиелікміндеті: бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: берілген тақырыптар бойынша сөздер біледі.
Түсінеді: ұжымдық ойында бір-біріне көмектесу керек екенін түсінеді.
Қолданады: сөздерді сөз тіркестерімен айтады, сұраққа сөйлеммен жауап береді. Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Сәуле мен Арман, демонстрациялық материалдар, қима суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалдыкомпонент: ойна – играть, ойлан – думай.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңіШаттықшеңбер
Достар бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер!
Бәрін біліп алатын, Мен бақытты баламын.
Ән «Кел, балалар, ойнайық» тыңдату. Ән қандай? Ән көңілді. Кө-ңіл-ді.
Ғажайыпсәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Ойын ойнауға шақырады. «Қызық екен» ойыны
Балалар екі топқа бөлінеді. Педагог балаларға түрлі түсті суреті бар парақтарды таратады. Олар түсі бірдей парақтарды бір-бірімен біріктіреді. Екі топқа ортақ тапсырма беріледі, топтар кезекпен жауап береді. Әрбір жауап бір ұпай.
Тапсырма. Күз тақырыбы бойынша сұрақтар: