Ғажайып сәт. Қуыршақтар Сәуле мен Арман қоржынмен көгөністер мен жемістер алып кіреді.
Қайырлы таң, балалар! Бүгін сендермен ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Көгөністер мен жемістер». Қоржындағы көгөністерді бөліп алады, қайталап, сипаттайды (көлемін, түсін). Білетін жемістерді атайды. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып қоржын». Қоржынның екінші жағын ашады.
Педагогжемістердібір-бірлепалады,жаңасөздерментаныстырады.
Күз мезгілінде жемістер піседі.
Мынау – өрік. Ік-ік – міне, өрік.
Мынау не?
Мынау – өрік.
Өрік – жеміс.
Өрік не?
Өрік – жеміс.
Өрік дәмді.
Өрік қандай?
Өрік дәмді.
Мынау – анар.
Мынау не?
Мынау – анар.
Анар – жеміс.
Анар не?
Анар – жеміс.
Анар дәмді, пайдалы.
Анар қандай?
Анар дәмді, пайдалы.
Мынау – құрма.
Мынау не?
Мынау – құрма.
Құрма дәмді, пайдалы.
Құрма қандай?
Құрма дәмді, пайдалы.
Мынау – шабдалы. Мынау не?
Мынау – шабдалы.
Шабдалы – жеміс.
Шабдалы не?
Шабдалы – жеміс.
Шабдалы дәмді, пайдалы.
Шабдалы қандай?
Шабдалы дәмді, пайдалы.
Бұлар – жемістер.
Дыбыстық жаттығу.(айнамен орындалады) Ө-ө-өр-өр - өрік.
І-і-і-іс-әс – жеміс.
Қ -қ-қ - құрма.
«Дүкен» ойыны. Балалармен қима материалдарды қолданып, сұрақ-жауап әдісі арқылы диалог құру. Жемістердің қазақша атауын қайталау, есте сақтау.
Санамақпен сатушыны таңдайды. Бала дүкенге келеді.
Сәлеметсіз бе!
Сәлеметсіз бе!
Маған өрік беріңізші.
Алыңыз.
Рақмет. Сау болыңыз.
Ойынды күрделендіруге болады. Бала жемісті сипаттайды. Сатушы оның қандай жеміс екенін табады.
Сергіту сәті
Ауладағы бағымда Самсаған көп алмалар, Жете алмаймын санына. Бір ағашта қанша бар Бұтақтан үзілген?
Жарылса анарым, Моншақтай тізілген, Дәндерін аламын.
Сөздік ойын: «Мен қай жемісті көрсеттім». Педагог себеттен жемістерді алып көрсетеді,балалар атынатайды.
Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Әр қатардан артығын тап. Қорша. Өз таңдауыңды түсіндір.
Жаңылтпашты жаттап ал.
Алма базарда
Алма алма алар ма? Ақ алма алар ма?
Әлде алары анар ма?
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Рефлексия.
Педагог қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Сендерге ең қызық қай тапсырма болды?
Жұмыс дәптерінде сендер өздеріңнің игерген білімдеріңнің дәрежесін, үлгерімдеріңді смайл арқылы белгілейсіңдер.
Қуыршақтармен қоштасамыз.
№11
Білімберусалалары: Қатынас, таным
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Жидектер.
Мақсаты: сөздік қорларын жидектердің атымен толықтыру.
Білімділік міндеті: қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Сөздерді байланыстырып сөйлемдер құрауды дағдыландыру. 2-3 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыларын дамыту. Диалогке қатысуға үйрету.