Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет372/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   406
§ 152. 
ДЕ 
көмекші етістігі тіркесіп айтылуы арқылы байланысқан 
бағыныңқы сабақтас сөйлем 
Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемге енген бағыныңқы сөйлем мен 
басыққы сөйлемнің синтаксистік байланысы бағыныңқы сөйлемнің 
баяндауышы 
де 
көмекші етістігі тіркесіп айтылған сөз тіркестері арқылы да 
көрінеді. Мысалы: 
1) 
Ол кебісін кием 
дегенше, 
әу дейтін жерге 
зытып 
кеттім. (С.
 
К.)
2) 
Егер сен осыған иә 
десең, 
Нұрланның мойнын бұрап көндірем. (Ғ. М.)
3) 
Сені боран айдап кетті ме 
деп, 
біз қорқып едік. (Ғ. Мүсір.)
Бұл үш сөйлемнің әрқайсысы — бір бағыныңқы, бір басыңқы сөйлемнен 
құралған сабақтас құрмалас сөйлемдер. Олардың бағыныңқы сейлемдері 
де 
көмекші етістігі тіркесіп айтылған сөз тіркестері арқылы басыңқы сөйлеммен 


байланысып, құрмалас сөйлем жасалып тұр. Бағыныңқы сөйлемдер мен 
басыңқы сөйлемдердің мағыналық арақатынасы 
де 
көмекші етістігінің 
морфологиялық тұлғасына қарай әр түрлі болып келіп түр. 

200-жаттығу. 
Мына тексті оқып шығыңдар да, кұрмалас сөйлемдерді теріп 
жазыңдар. Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің синтаксистік байланысу тәсілін 
түсіндіріңдер. 
Тебіндегі жылқыны бұл — менің бірінші көруім. Жылқы деген жануар 
мал атаулының ішіндегі қайраттысы екен. Өте бір түтеген боран соғып 
кетпесе, қандай ызғарлы суықтарда еш уақытта желге жонын бермей, 
маңдайын бере қарсы қарап қар тебеді. Сол кезде жел көтерген оның жалы 
жалаудай желбіреп көтеріліп кетеді. Құйрығы аспаннан сорғалаған жауындай 
тарамданып көсіліп тұрады. Қарсы алдынан соққан желдің лебі қар бетінде 
жүгірген борасынды жеп кетпегендіктен, боз жылқы түгіл, қара не торы 
сияқты баран түсті жылқылардың да
маңдай терісі ақ бурылдана қалады... 
Жылқының тыңға көшуі оңайлыққа түспейді. Бет алған жақта ойпаң 
кездесіп, қар қалыңдай кетсе, жылқы беттемей тұрып алады. Ондай ойпаттар 
далада жиі кездеседі, содан жылқыны өткізерде, «Айшық мүйіз ақ серке 
қойды бастар» дегендей, қалың жылқыны бастап жөнелетін «көсемдері» 
болады. Бұлай бастауға аса бір қарулы айғырлар мен биелер ғана түседі. 
Көсемсіген бір жылқы қалыңға түсе жөнелгенде, оның артынан 
тізбектелген жылқылар шүбыра бастайды. Сол ізге қалың жылқы түгел түсе 
қалғанда, олардың тұяғынан жасалған қардың жырасы қазған терең каналға 
ұқсап кетеді. 
(С. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет