Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет16/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

7– практикалық сабақ
Тақырыбы: Сан есім

Қаралатын мәселелер:

1. Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты

2. Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері

3. Сан есімнің мағыналық түрлері

4. Сан есімнің синтаксистік қызметі
Қысқаша мәлімет:

Сан есімдер- тілімізде ете көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөнінде ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Мысалы, Н. А. Баскаков сан есімдер-есімдерден бөлініп шыққан сөз табы екендігін және олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіретіндігін айтқан. Ал қазақ тіліндегі сан есімді зерттеген Ә. Хасенов "Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі... сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды,"-дейді. Осылайша ғалымдар сан есімнің пайда болуы жөнінде түрліше пікір айтса, кейінгі ғалымдар сан атауларының нақтылы қалай, қандай тәсілдер арқылы жасалатындығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді .

Олай болса, сан есімдер-өздеріне тән жасалу тәсілдері бар, өздерінің табиғи қызметінде ешбір өзгеріске түспейтін, тек субстантивтенгенде ғана түрленетін, мағыналыжағынан бірнеше топқа бөлінетін, сөйлемде белгілі қызмет атқаратын сөз табы.

Сан есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Тілімізде дара сандар көп емес, барлығы жиырма шақгы- бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жөті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексөн, тоқсан, жүз, мың.

Күрделі сан есімдерге Ә. Хасенов «екі немесе бірнеше дара саннан құралған сан есімдер«, -деген анықгама берген. Мысалы, Қазақстан жерінде сүтқоректілердің жүз елу алты, құстардың төрт жүз жетпіс төрт, балықгыңжүз қырық түрі бар (оқулықган). Осы сөйлемдегі сан есімдер екі, үш, төрт сан атауынан құралған.

Грамматикаларда дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып екіге бөледі. Негізгі дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатқызылады. Мысалы, бір, екі, бес, жеті, сег/зт.б. Ал туынды сан есімдер әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, бірер, бірінші, үшеу, төртеу т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет