6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Хасенов А. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957.
Сайрамбаев Т. Сын, сан есімдердің етістікпен тіркесі. Алматы, 1966.
Шаһарман Г. Бір, жалғыз, екі, егіз сөздерінің семантикалық ерекшеліктері. Жинақ: Қазақ тілі және лингводидактика мәселелері. Алматы, АлМУ, 1997, 108-112 б
8– практикалық сабақ
Тақырыбы: Есімдік.
Қаралатын мәселелер:
1. Есімдіктің зерттелу тарихы
2. Есімдіктің мағыналық топтары
3. Есімдіктің синтаксистік қызметі
Қысқаша мәлімет:
Есімдіктерді жеке сөз табы деп тануда лексика-семантикалық ұстаным негізге алынады. Себебі есімдіктердің өзіндік мағыналық ерекшеліктері бар.
Есімдіктердің - мағынасы тым жалпы. Есімдіктердің дәл, нақты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлем ыңғайына қарай білінеді. Мысалы, Біреудің қатесі - біреуге сабақ (Дж. Рей). Тамырымды соқ, қаным –ойларымның толғағы, Жүректегі отты әнім сен өлмесең болғаны (Н.Оразалин). Берілген сөйлемдердегі есімдіктердің қайсысын алсақта мағынасы нақты емес. Алғашқы сөйлемдегі біреу деген сөзден тек бір адамның қатесінің екінші бір адамға сабақ болатынын аңғаратынымыз болмаса, ол адам кім? -Асан ба, әлде Асқар ма? ол жағы белгісіз. Ал соңғы сөйлемдегі сән дегеннің де мағынасы нақты емес, бірақ оның мағынасын сөйлемнің ыңғайынан байқауға болады. Мұндағы сен деген сөздің дәл не екенін бірінші сөйлемдегі әнін деген сөзден білеміз. Демек, есімдіктердің нақты мағынасын бұрын айтылған сөйлем ыңғайынан аңғаруға болады. Есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болғанымен, олардың бірнеше топтарға жіктелуі оның мағыналық қырларын аша түседі. Есімдіктердің бірнеше топқа бөлінуіне де лексика-семантикалық ұстаным негіз болады. Есімдіктер мағыналарына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жіктеу есімдіктері
2. Сілтеу есімдіктері
3. Сұрау есімдіктері
4. Өздік есімдіктері
5. Белгісіздік есімдіктері
6. Болымсыздықесімдіктері
7. Жалпылау есімдіктері
Достарыңызбен бөлісу: |