Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы


Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары



бет33/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.
1-тапсырма. Мәтіннен рай түрлеріне қатысты тілдік бірліктерді анықтаңыз, жасалу жолына талдау жасаңыз.

Мен бақытты көрсем деуші едім. Біздің қақпаның алдындағы үлкен жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып:

- Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін. Менің бақытты көргім келді. Шал қара көлеңкеде үйреншікті жолменен кетіп бара жататын. Мен біраз қарап тұратынмын, содан соң жылдам басып үйге келетінмін. Төсекке жатқанда ұзын асалы шал көз алдымнан кетпейтін, даусы құлағымда тұратын. (С. Ерубаев)
2- тапсырма. Берілген мәтіндерден етістіктердің шақ түрін анықтап, бұйрық райға айналдырыңыз.

.
1-топқа:
«Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар,
Айырдан нар болсам, атам жараған болар,
Көнеден дәурен озса, жасы жеткен болар,
Көнеден қамқа тозса, дәурені кеткен болар».
Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

2-топқа: Мәтіндерден шартты райлы етістіктерді тауып, ашық райға айналдырыңыз.
«Арлы - ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!»
«Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт-түлігін сай қылсын!»
«Малды теппе, Ақты төкпе».
«Есікті қатты қақпа, қатты серпіп жаппа».
«Кетпес дәулет берсін, Кең пейіл берсін».
Сөйлемдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қалау райға айналдыру.
«Қалау рай» тобына:
«Дұғай сәлем бергейсің,
Ағам Есет беренге.
Бекет қайда дегенге,
Бекет кетті дегейсің
Шықпайтұғын тереңге».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет