6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.
7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
1. Омарова А. Осы шақтың Қ. Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы көрінісі. Алматы, 1998, 48-51 б.
2. Хасенова А.Қ. Етістіктің лексика-грамматикалыө сипаты. –А., 1971.
3. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. Алматы, 1999.
12– практикалық сабақ
Тақырыбы: Көсемше және тұйық етістік
Қаралатын мәселелер:
1. Көсемшенің жіктелуі.
2. Көсемшенің синтаксистік қызметі.
3. Тұйық етістіктің көптелуі, тәуелденуі, септелуі.
4. Тұйық етістіктің синтаксистік қызметі.
3. Қысқаша мәлімет:
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.
Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзгедесан алуан қызметгері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да осы қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикапық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолданылуында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дөнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.
Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады.
Қазақ тілінд ежіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:
I. Мен бара-мын барып-пын
II. Сен бара-сың барып-сың
Сіз бара-сыз барып-сыз
III. Ол бара-ды барып-ты
біз бара-мыз
барып-пыз
сендер бара-сыңцар
барып-сыңдар
сіздер бара-сыздар
барып-сыздар
олар бзра-ды
барып-ты
Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, -а, -е, -й жұрнақгары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді.
Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, кимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі.
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып муңцай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.
Тұйық етістік түбір етістікпен туынды түбір етістікке-у, (-ұу, -үу), ыс(-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) журнаідары жалғану арқылы жасалады.
Қимыл есімінің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |