4. Бақылау сұрақтары:
Көсемше дегеніміз не?
Көсемше қалай жасалады?
Көсемше қандай қызмет атқарады?
Көсемше күрделі етістік, аналитикалық формалы етістіктің құрамында қандай қызмет атқарады?
Көсемше жіктеледі ме?.
Көсемше қандай синтаксистік қызмет атқарады?
Тұйық етістік дегеніміз не?.
Қимыл атауы қалай жасалады?
Қимыл есім атауы қандай жолдармен жасалады?
Тұйық етістік қалай көптеледі?
Тұйық етістік, тәуелденіпі, септеледі ме?
Тұйық етістік қандай синтаксистік қызмет атқарады?
5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
Жаттығу жұмыстары.
1-жаттығу. Екі жас жігіт арғы жағаға шығысымен өгіз бен биені қоя берді де, жарды жағалап бұғып отырып, төмендеп кетіп, бірталай жер ұзап барып, қыратқа шықты. (М.Ә.). Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. (М.Ә.) Өмірінде әлі күнге қайын сіңлісі мен өзге жігіттің арасына делдал боп көрмеген-ді. (М.Ә.). Осындай жиында үлкенді-кішілі рулардың атқамінер ақсақал-қарасақалы араласып жатты. (М.Ә.). Абай анасына сауап болсын деп құранды өзгеше ықыласпен, асықпай, соншалық мүлгіп, мінажат қып оқиды. (М.Ә.). Бұдан бұрын еш уақытта Гүлсары қасқыр үнін естімеген, лезде тұла бойы мұздап, үрей қармап қалды. (Ш.А) Абайдың ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. (М.Ә.).
2-жаттығу. Тұйық етістік формалы сөздерді табыңыз, синтаксистік қызметін анықтаңыз.
Сол болашақ жайнаң қағып көз алдында тұрды қайғысыз өмір бала-шаға қамы шаруашылықтың көп күйбеңі үй тұрғызып баспана салу не керек тіршілік ету керек. Ұсталғандар Қызылжар түрмесіне ауысқалы олармен байланыс біржола үзілуге айналып еді ((Ғ.Мүс.). Бабай әбден қартайды: құлақ естуден, көз көруден, аяқ жүруден қалды. Президент қазақстандықтардың өзгерісті объективті бағалауға, келешекті көре біліп, дұрыс таңдау жасауға қабілетті екендігіне тағы да көз жеткізгенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды тарихи оқиғамен тағы да құттықтап, өз жұмысымен осы күнді жақындатуға көмектескендердің барлығына алғыс айтты. Қарлығаштың қанатындай тартылған қара қастың кей-кейде құрысып-жазылып, артынша-ақ әлсіз дірілге ауысуы - іштегі мұңның сыртқа тебуінен болар (Сматаев). Қатерлі ісікті жан-жақты емдеу үшін пайдаланып жүрген препараттардың радиосезгіштік тиімділігінін ыңғайлы және негізгі сынықтарының бағасын қарастыру қажеттігі туып отыр. Абай, Шолпан, Таң, Сана журналдарында Абай мұрасын зерттеу туралы мақалаларын жазып, ақын өлеңдері мен қара сөздерін баспасөзде жариялап, насихаттау әрекетінде жүрген Мұхтар 1924 жылы өткізілетін Абайдың жиырма жылдығын атап өту қарсаңында келелі-келелі міндеттерді алға қойды. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |