Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазіргі қазақ тілі морфологиясы



бет5/44
Дата10.03.2022
өлшемі88,61 Kb.
#27397
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
практикалық сабақ морфология

сөздің соңғы дыбысы

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

дауыстыдан соң



-ң (-ңыз, -ңіз)

-сы, -сі

дауыссыздан соң

-ым- ім

-ың, -ің (-ыңыз, -іңіз)

-ы, -і

1-тапсырма. Кестедегі сөздерді құрамына қарай талдаңыз.





мысалдар

Жіктік жалғау

Көптік жалғау

Септік жалғау

Тәуелдік жалғау

Жұрнақ

1.

Балам
















2.

кітаптың
















3.

оқушы
















4.

мұғаліммін
















5.

қалада
















6.

доссыңдар
















7.

құстар
















8.

ағалар
















9.

терезесі
















10.

сыныбымыз
















11.

атпенен
















12.

үлкенсің
















13.

егеулер
















14.

тәлімгер
















15.

құштарсыз
















16.

әкем
















17.

қыздар
















18.

есігіміз
















19.

ақылды
















20.

емхана
















21.

ауылым
















22.

үйшік
















23.

кілемдер
















24.

қаламыз
















25.

жоқсыздар
















26.

балақай
















27.

орманда
















28.

суретің
















29.

алаңның
















30.

есенбіз

















2-тапсырма. Сөздердің морфемалық ара жігін ажыратып, әр түріне сипаттама беріңіздер.

Даланың алыс түкпірінде жатқан бұл шағын деревняға да бостандық желі алыстан есіп, ертерек жеткен-ді (Х.Е.).


Бүгінгідегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек,

Өнер-білім, адалдық, ар-намысты,

Жоятын надандық қой емсіз індет (С.Т.)


Балалаық сенен артық күнім бар ма,

Бала күнде бойымда мінім бар ма?

Бәріне жетем деймін, алам деймін,

Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?


3-тапсырма. Мәтін құрамындағы сөздерден дериваттық мәні бар қосымшаларды табыңыз.

Күнсіздерге күн болған,

Жер жүзіне нұр болған,

Ақылдың кені данышпан,

Езілгенге қол берген,

Кемтарларға жол берген,

Заманның ері арыстан (Ж.Ж.)
Желсіз күннің ыстықтығы жер дүниені қуартқан ыстық емес, маужыратқан, балбыратқан ыстық (С.С.). Хакім қалай ойласа да, аздап сөз тартқысы келіп, оқтын-оқтын сұрақтар берсе де, Петро онымен келгенше сөйлеспеді (Х.Е.). Қонақтайтын орнына асығып баратқан тұйғын секілді сыпылдай басып, Айназар қастарынан өте шықты (С.С.). Намысқа қызған атақты батырлар бұрынғы үзеңгілес күйін ұмытып, гулетіп найза қағып, шақылдатып қылыш шыңдап әрекетке кірісіп жатқан-ды. Жібек талдай есіліп, сызылып көтерілген асқақ әуен жаудыраған қарақат көзден сыр аңдып, сол сырдың төлеуіндей етіп құпия назды және сездіреді (С.См.).

4-тапсырма. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лабораториялық жұмыс. –А.: «Қазақ университеті», 1992 ж., -152бет. 28-бет. 5-нұсқа.


5-тапсырма. Ахабаев Ә., Омарова Б. Қазіргі қазақ тілінен лабораториялық жұмыс. –А.: «Қазақ университеті», 1992 ж., -152бет. 28-бет. 6-нұсқа.

4. Бақылау сұрақтары:

1.Морфема дегеніміз не?

2. Түбір морфема мен қосымша морфемаға қандай белгілер тән.

3.Жалғаудың атқаратын қызметі қандай?

4. Жалғаудың қандай т.рлері бар?

5. Көптік жалғауының мағынасы мен қызметін атаңыз.

3.Тәуелдік жалғауы қандай мағына бреді?.


5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

Жаттығу жұмыстары.

6. Үй тапсырмасы: Мәтін құрамындағы сөздерді құрамына қарай талдау.

7.Сабақтың тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрғалиев М. Көптік жалғау туралы. Алматы, 1973.

  2. Данияров А. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу жолдары. Тіл мен әдебиет мәселелері. Алматы, 1963.

  3. Оралбаева Н. Зат есімнің көптік категориясы. Қазақ тілі мен әдебиеті,1959.

  4. Нұрмағамбетова Ә. Дағдыдан тыс тәуелдік жалғау. «Қазақстан мектебі» журналы, 1971, №7,95-96 б.


4 – практикалық сабақ
Тақырыбы: Сөз формалары, олардың жасалу тәсілдері

Қаралатын мәселелер:

1.Сөз тудырудың тәсілдері

2.Сөздердің негізгі түрлері

3. Түбір, туынды сөздер


Қысқаша мәлімет:

Сөз формаларының екi түрi бар: оның бiрi - сөздiң синтетикалық формасы, екiншiсi - аналитикалық формасы.

Синтетикалық формалар екi түрлi жолмен жасалады:

1. аффиксация арқылы;

2. дыбыстардың алмасуы (iшкi флекция) арқылы.

Сөзге әртүрлi афикстердiң жалғануы арқылы оның түрлi-түрлi формалары жасалады. Мысалы: етiк, етiкшi, етiкшiлерге, етiкшiлерi-мiз немесе көк, көгiрек т.б. Аффикстердiң бiреуi сөз тудырса, екiншiсi сөздi түрлендiрiп, үшiншiсi сөз бен сөздi байланыстырады.

Дыбыстардың алмасуы арқылы да форма жасалады. Мысалы: орыс тiлiнде окно-окна т.б.

Сөздiң аналитикалық формасы негiзгi сөз бен көмекшi сөздiң тiркесiнен жасалады. Мысалы, келе жатыр. Аналитикалық форма барлық тiлде де бар. Мысалы, орыс т. буду работать, ағ. т. will work.

Аналитикалық форма сөз тiркесi негiзiнде, яғни, сөздердiң бiр компонентiнiң көмескiленуi негiзiнде жасалған. Кез келген сөз грамматикалана бермейдi. В.И.Жирмунский мынадай сөздер грамматикаланады деп көрсетедi: бояу, бастау мағынасындағы етiстiктер тұру, жүру секiлдi қалып етiстiктер, модаль етiстiктер, предлогқа айналатын мекен үстеулер, сiлтеу және белгiсiздiк есiмдiктер т.б.

В.В.Виноградов орыс тiлiндегi етiстiктердiң аналитика-лық формаларының конструкциясын қарастыра келiп буду деген көмекшi етiстiктiң келер шақтық мағынадан басқа мағына бермейтiндiгiн айтады.

М.М. Гухман өз еңбегiнде немiс тiлiндегi аналитикалық форманы ''жартылай сөз бен толық сөздiң ажыратылмайтын тұрақты тiркесi'' деп таниды. Гухман нем.т. аналитикалық конструкцияға тән 4 белгiнi көрсетедi.


  1. Конструкция сыңарларының өзара тығыз байланыстылығы, бөлiнiп ажыратылмайтындығы.

  2. Идиомалылығы.

  3. Етiстiктердiң күллi лексикалық жүйесiн түгел қамтитындығы.

  4. Өзара шарттас формалар жүйесiне парадигмалық қатардың енетiндiгi.

Профессор В.Н. Ярцева аналитикалық конструкцияға тән басты белгi ретiнде оның тұрақтылығын, етiстiктер жүйесiн түгел қамтитындығын, парадигма жүйесiне енетiндiгiн жатқызады.

А.А.Юлдашев ''Түркi тiлдерiндегi етiстiктiң аналитика-лық формалары'' деген еңбегiнде аналитикалық конструк-циялардың пайда болу жүйесiн көрсетедi. Оның пiкiрiнше:

а) аналитикалық форма тұтасқан тiркесше пайда болады;

ә) сөйлемде бiр мүше қызметiн атқарады;

б) сөйлемнiң басқа мүшелерiмен тұтасқан күйiнде байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет