Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып



бет12/21
Дата13.08.2022
өлшемі0,94 Mb.
#38132
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
1 2-ҚБ Қазақ тілі (Т1) 3-сын

Бөлімше2.6Мәтіндергесалыстырмалыталдаужасау

Оқу мақсаты




3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді (стилін) салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы.


1- мәтін 2- мәтін
Мәншүк Маметова Невель қаласы үшін
болған кескілескен шешуші ұрыста ақтық Соғыстың дәмін тартқан, зардаптарын, демі біткенше пулеметтен оқ боратып, Қыз болса да көтеріп салмақтарын. қаһармандықпен қаза тапты. Қазақ қызы қаһарман Мәншүк апам, Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға Есімін мақтан тұтып ардақтадым.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Шығыстың ақ шынары топ жұлдызы,
Соғыстың бұйырды ғой дәм мен тұзы.
1944 жылдың наурыз айында «Кеңес Халқы үшін қан майданға араласып, Одағының Батыры» атағы берілді. Батылдығын танытқан қазақ қызы.

  • Мәтіндердің қайсысы қандай мәтін екенін анықта. Сәйкес цифрмен белгілеп көрсет.

көркем мәтін ғылыми-танымдық мәтін





  • Екі мәтінге ортақ бір ат қоюға бола ма? Сен қандай ат қояр едің?

  • Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіндерді стилі бойынша ажыратады;

  • мәтінге сәйкес тақырып қояды;

  • мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.

Жазылым





Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

Оқу мақсаты




3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Бір адамның аты мен есегі болыпты. Бір күні ол есек пен атқа жүк артып, қалаға шығады. Жолда есек қатты шаршайды да атқа:


- Досым, мен қатты шаршадым. Менің жүгімнің жартысын алшы. Маған көмектесші, - дейді.
Бірақ ат есектің сөзін тыңдамай, оған көмектеспей жүре береді. Бір уақытта есек жүре алмай, құлайды. Осы кезде адам есектің барлық жүгін аттың үстіне артады. Ат өз жүгін және есектің жүгін көтереді. Сонда ат қатты өкінеді.

  • Есек жолда неліктен құлап қалды?

  • Ат не үшін өкінді деп ойлайсың?

  • Мәтіннен қандай ой түйдің? Берілген көмекші сөздердің тиістісін қолдана отырып, өз ойыңды жаз.



Көмекші сөздер: себебі, өйткені, сондықтан, біріншіден, екіншіден, қорыта айтқанда



Дескриптор



Білім алушы

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • пайымдау мәтінін құрап жазады;

  • көмекші сөздерді орынды қолданады;

  • сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет