3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Тапсырма Мәтінді оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді.
Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.Ұлы күйшілерден тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елінің әлеуметтік жыр-сыры. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы болды.