3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақтар құрастырады
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Мәтінде теледидардың бала денсаулығы үшін қандай зиянды жақтары сипатталған?
Теледидар
Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкеніміз де, кішіміз де көп уақытымызды теледидар алдында өткіземіз.
Өкінішке орай, оның зиянды жағы да бар. Әсіресе, ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған. Теледидар көздің көруін нашарлатады, адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе, балалардың мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.
Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады. Бірақ алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес.
Жұптықжұмыс
Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге арналған сұрақтар дайында.
Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білімалушы -мәтіннен сұрақтың жауабы болатын нақты ақпаратты анықтайды;
мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;