Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар қатысады. Үйірмені ән-күй пәнін өткізетін мұғалім басқарады. Ол біздің өнерлі Мариям апайымыз.
Кеше сабақтан соң мәжіліс залында аяулы аналарымызға арналған мереке болды. Үйірме мүшелері концерт қойды. Концертте биші қыздар, әнші оқушылар өнерлерін көрсетті. Домбырашы Рахима «Кеңес күйін» орындады. Зағипа тақпақ оқыды. Концертке келген мұғалімдер мен ата-аналар үйірме мүшелеріне өте риза болды.
Сұрақтарға жауап бер.
Мәтін не туралы?
Мәтінде қай үйірме туралы айтылған?
Мәжіліс залында не өткізілді?
Мерекеге кімдер қатысты?
Сен қай үйірмеге қатысасың? Өзің қатысатын үйірме туралы айтып бер.Өнердің осы түрін меңгерудің маңыздылығын дәлелде.