«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет115/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204
9-апта. 26-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Ортақ, ырықсыз етіс категориялары.
294-тапсырма. Жер ғылымының жаңа саласының негізін қалаушы ғұлама ғалым – А.Ж. Машановтың ғылым жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.


Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика
ғылымының негізін салушы – Ақжан Машанов
(1906-1997)


Азабын алыс жолдың жүрген білер,
Мен емес, оны айтып міндетсінер.
Ар үшін, елім үшін еткен еңбек,
Жас ұрпақ – келешегім, солар білер.
(Ақжан Машанов)

Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор. Университетті қызыл дипломмен бітірген тұңғыш түлегі, ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысы, жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика ғылымының негізін салушы инженер, өзі ұстаздық еткен «Маркшейдерлік іс» кафедрасына 30 жылдай жетекшілік еткен. Қазақ фонтастикасы мен «Білім және еңбек» журналының негізін қалаған. Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш танытып, ұрпағымен қауыштырушы және оның мұрасын жан-жақты бірегей зерттеуші. Фараби (1970) бабаның көркем образын тұңғыш жасаған қаламгер.


Ұлттық техника зиялылары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ шаңырағын 1934 жылы Кен-металлургия институты болып көтергенде, оның алғашқы шәкірттерінің бірі, ҚР ҰҒА-ның тұңғыш корреспондент-мүшесі, ғұлама ғалым, профессор А.Ж. әл-Машани болған.
А.Ж. әл-Машани геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы – жер механикасының (геомеханика) іргетасын профессор П.К. Соболевский және оның шәкірті А.П. Рыжковпен бірге қаласып, негізін салушының бірі.
Ғалымның осыдан 30-40 жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы – әл-Фарабиді ұрпағымен қауыштыруын; ал соңғы жылдары жасының тоқсанға иек артып қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығын танытып, қазақтың екі алып данасы - әл-Фараби мен Абай арасындағы рухани байланыстың зерделенуін; Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретін, әрі ұлт намысын көтеріп, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.
1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған: «Жер сілкіну», «Таулар қалай құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген тәрізді жеке-жеке кітапшаларын айтуға болады. Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары Кен факультеттерінде «Жер механикасы» жеке пән ретінде оқытылады.
А.Ж. әл-Машани отыз жылдан астам уақытын «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгерушілік қызметінде – кен-инженер-маркшейдер мамандарын даярлаумен үздіксіз айналысып, білікті кәсіби маман – инженерлер даярлауға сүбелі еңбек қосқан болатын.
1960 жылдардың басында ғалым Кен атауларының тұңғыш терминдік сөздігін шығаруға белсене араласады. А. әл-Машани ауыл мектебін қазақ тілінде тәмәмдап келген жастарға геология саласынан білім беру мақсатымен И.В. Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын», В.А. Обручевтің «Геология негізін», И. Потемкиннің «Геология және минералогия» оқулықтарын қазақ тіліне аударды.
Ағжан ағамыздың туған халқына жасаған еңбектерінің бірі – жарты ғасырдан астам ғұмырын әл-Фараби мұрасын зерттеуге бағыштап, ұлы бабаның көркем бейнесін «Әл-Фараби» (1970) романында сомдағанында.
Ұлағатты ұстаз А.Ж. әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойының 2006-2007 жылдары дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуі ғалымның қауым үшін, ұлт құндылықтарын дамытудағы еңбегінің бағасы деп қарастырған жөн. Осы ретте ғұламаның әлі оқушысын таппаған 150 баспа табақ зерттеулері тәуелсіз еліміздің жастарын тәрбиелеудегі әлі игерілмеген қазынасы екендігін айта кету міндет. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшін зор мақтаныш.


Сөздік:
бірегей – уникальный
зерде – интеллект; ум; сознание; память
зерделі – благоразумный; внимательный
пәрменді – ударный; мощный; сильный; с размахом; ударно




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет