«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет120/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   204
Ү л г і:
– Сол кездері ауылдық жерлерден келген қазақ жастарының оқуға түсулері
үшін қандай қиындықтар болды?
– Ауылдық жерлерден келген қазақ студенттерінен контингент қалыптастыру
қиын болды, себебі қабылдау емтихандары орыс тілінде өтетін. Бірінші
емтихан диктанттан соң-ақ олар өте алмай қалатын.
– Ал Ө. Байқоңыров бұл мәселе жөнінде қандай көмек көрсете алды?
– Кейбір аға буын педагогтардың қарсы болуына қарамастан, Ө. Байқоңыров
қазақ жастар үшін институтқа қабылдау ережесін өзгертіп, қабылдау
емтихандары ана тілінде жүргізілетін болды.


310-тапсырма. Сын есімнің жай және салыстырмалы шырайларын
қайталып, өткен материалдарды еске түсіріңіздер.


Сын есімнің шырайлары


Жай шырай (Положительная степень)
Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салғастыратын негізгі форма болып саналады.
Мысалы: әдемі, жақсы, ақ, көк.


Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень)
Салыстырмалы шырай дегеніміз бір заттың сынына екінші бір заттың сынын салыстырып, сол салыстырылатын түстердің я белгілерінің бір-бірінен сәл артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар:
1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: көгірек, бойшаңырақ, жұмсағырақ, сәндірек.
2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: кішілеу, ақшылдау, үлкендеу, сараңдау.
3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң: бозғыл, сұрғылт, көкшіл, қоңырқай, ақшыл.


311-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, оларға- лау, - леу, - дау,- деу, -тау, -теу жұрнақтарын тиісті сөздерге қосып жазып, салыстырмалы шырай жасаңыздар.
Холодный, открытый, грязный, ровный, красный, желтый, зеленный, белый, теплый, горячий, длинный, вкусный, сложный.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет