«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б


-тапсырма. Еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны туралы тарихи деректермен танысып, мағынасын меңгеріп, мәтінді мазмұндаңыздар



бет131/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   204
361-тапсырма. Еліміздің алғашқы техникалық жоғары оқу орны туралы тарихи деректермен танысып, мағынасын меңгеріп, мәтінді мазмұндаңыздар.


ҚазҰТУ – ғылым, білім ордасы
* * * * *
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті – еліміздің алғашқы жоғары
техникалық оқу орны. Қ.И.Сәтбаев және ҚазҰТУ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті республикада инженерлік білім берудің алғашқы, әрі әлі күнге дейінгі көш бастаушысы.


Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың іргетасы 1933 жылы, Қазақстанда тұңғыш өнеркәсіп орындарының ашылуымен тұспа-тұс қаланып, ел экономикасы дамуының тарихи кезеңдерімен бірге дамып келеді.
Алғашында тау-кен металлургиясы мен тау-кен барлау факультеттерінің базасында ұйымдастырылған Қазақ ұлттық техникалық университеті бүгінде осы салада білім беретін еліміздегі жетекші жоғары оқу орны дәрежесіне дейін өсті.
ҚазҰТУ – мыңдаған инженерлер мен Қазақстандағы барлық техникалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының іс жүзіндегі анасы іспетті.
Университеттің ұлттық техникалық мәртебесі – еліміздің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан университет түлектері – көрнекті ғалымдар, педагогтар мен инженерлердің ерен еңбектерінің жемісі.
ҚазҰТУ-дың құрылуының 75 жылдығы мемлекетіміздің өміріндегі елеулі мәні бар оқиға. Инженер мамандарды дайындаудың шеберханасы – ҚазҰТУ өзінің 75 жылдық тарихи қызметінің мақсаты мен мазмұнын, Отанымыздың ұлтжанды, техникалық сауатты ұрпағын қалыптастыруға арнап келеді.
Халықтың есінде – ҚазТКМИ, ҚазПТИ, ҚазҰТУ болып сақталып қалған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының тарихы – бұл республикадағы инженерлік білім беру, оның өндірістік өсіп-өркендеуінің даму кезеңдері.
Қазақстандағы техникалық білім берудің қарлығашы – ҚазҰТУ-дың республикадағы бірқатар өндіріс салаларының қалыптасуы мен дамуындағы және оларды инженер мамандарымен қамтамасыз етуге сіңірген еңбегін бағаламау мүмкін емес.
ҚазҰТУ-дың тарихы – бұл еліміздің мәдениеті мен білімінің, ғылыми-техникалық интеллигенциясының қалыптасуы мен дамуының тарихы.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – жоғары сапалы, қарқынды білім беру мен ғылыми-инженер мамандарын даярлауда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің техникалық жоғары оқу орындарының арасында ғана емес, халықаралық ауқымдағы зор мәртебеге ие жоғары оқу орнына айналды.
Жаңа мыңжылдықта Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өзінің алдына сапалық тұрғыдан жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Университет дамудың әлемдік білім беру жүйесінде лайықты орынға ие бола алатын жоғары элиталық инженерлік-техникалық университет қалыптастыруға аяқ басқан жаңа кезеңде тұр. Университеттің жаңа даму бағдарламасы – жаңаша ойлау мен білім беру үрдісіндегі жаңаша ізденістер. Университет білім мен ғылымды интеграциялау жолына түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет