Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 тамызда жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат америка әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіретінің алыс емес екенін ол кезде білген жоқ еді, бірақ көп ұзамай Хиросимаға туған күн, Семей территориясы тұрғындарының басына да туды.
«Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды. Бұл тарихта бұрын соңды болмаған адамзатты атомдық жолмен қыруды ұйымдастырған жауыздықтың өзі. Кеңес өкіметі Сарыарқа жерінде бомбасын жарып, ондағы тіршілік әлемін тоқтатып, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы өсінен тайдырып жібере жаздады.
Егер жарылыс тоқтамағанда, әр ядролық сынақ табиғатқа шексіз зиян әкеліп, улы тозаң жарты әлемге жайылып, Орта Азияны ядролық күш тозаңға тұншықтырып, халықты жойып жіберер еді. Полигон маңындағы халықтың көбісі дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Төрткүл дүние қазақты «Семей сұмдығы» арқылы алғаш білді.
Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының акция шерулері Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізіп, құпия болып келген соғыстың сырын ашты. Тоталитарлық жүйенің әскери күштерімен арпалысқан қозғалыс белсенділері белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың соңынан еріп, күшті күрес талаптарының нәтижесінде 1991 жылы полигонды жабуға қол жеткізді. Ядролық қару жасау жерлерін жабу ісінде Қазақстан тұңғыш мемлекеттердің бірі болды.
Атом жарылысы болған кезде, ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін қолданылғаны белгілі. Олардың бәрі радиация шығарады. Осылардың ішіндегілері –«цезий – 137» мен «строний – 90» және «плутоний – 239» адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті кейбіреулерінің сәулеленуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі жабулы қазан болып қалды.
Семей облысының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеу және оның картасын жасауды қажет етеді.
Полигон жабылды, бірақ оның үні бірден өшкен жоқ. Жан түршігерлік ол жылдарды және оның жабылуына қандай қиындықтармен қол жеткізілгенін халық қалай ұмытсын!
Адамзат бұл қасіретті қозғалыстың тарихын, қырық жыл бойы қандай зардап әкелгенін білуі тиіс.