521-тапсырма. Мәтінді оқығаннан кейін Семей полигоны туралы қандай мәлімет алдыңыздар? Әңгімелеп беріңіздер.
522-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағыналарын сақтай отырып, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. Ү л г і : «Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, себебі онда 500-ге тарта ядролық жарылыс болды.
523-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
524-тапсырма. Сөйлемдерді өз тараптарыңыздан толықтырып, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыздар. 1. Денсаулық – зор байлық, себебі --------------------------------------------------
2. Байлық – мұрат емес, неге десеңіз ----------------------------------------------
3. Бейнет түбі – зейнет, сондықтан -------------------------------------------------
4. Кейде өмірден түңілесің, кейде --------------------------------------------------
5. Бірде шаттана қуанасың, бірде ----------------------------------------------------
6. Біресе сырыңды маған айтасың, біресе ------------------------------------------
7. Қайғың болса, досыңа бар, өйткені ---------------------------------------------
8. Ұрлық түбі – қорлық, себебі -----------------------------------------------------
525-тапсырма. Түстер нені білдіреді? Сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар.