517-тапсырма. Танымал тұлғалардың айтқан даналық сөздерінен себеп-салдар салаластарды көрсетіп, мағынасын өз ойларыңызбен айтып беріңіздер. Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола
алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе
алмайды, себебі ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.
( Ғ. Мұстафин )
* * * * * Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.
( Ғ.Мүсірепов )
* * * * * Қазақта қызға әкеден гөрі ана көп қарайды, себебі қызға
үй ішіндегі өнердің бәрін үйретеді.
( А.И. Левшин )
* * * * * Сабырлылық – бойда жасырын жатқан қуаттың белгісі, өйткені
сезімнің, ойлаудың толық және терең болуы ұстамсыз
қылықтарды болдырмайды.
( М.Ю. Лермонтов )
518-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып, салаластың түрлерін ажыратыңыздар. Көз алдай алады, ..................... . ол ойнай алады, ................... . қорқыта алады, яғни оның тұрақты қалпына сирек кездесесің. Оспан өзінің берген уәдесінде тұра алмады, .................... өзінің ойлағанындай шықпады. ..................... айқайлаған дауыс қатты естілді, .................... ақырын естілді. Кешке ол жазуына кіріседі, ................... теледидар көреді. Көктем келді, күн жылынды, жер көгерді. Сабыр түбі – сары алтын, ................... сарғайған жетер мұратқа. Асығыс түбі – өкініш, ..................... асыққан – қалар ұятқа ( Абай ). Ол сенен үлкен, ................... сен оны құрметтеуің керек. Әдемі айтқан сөзі менің жүрегімді тербетті, ................... сөздің мән-мағынасы терең жатыр емес пе?!
Керекті шылаулар:Себебі, бірде, кейде, өйткені, сондықтан.
519-тапсырма. Берілген жалғаулықты шылауларды пайдаланып, кезектес салас құрмалас сөйлемдер құрастырып, көрсетілген торларға жазыңыздар