Қазақ халқының шешендік өнері 120-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, олардың орын тәртібін түсіндіріңіздер. Шешендік өнерден мәлімет алып, есте сақтаңыздар.
Қазақ өнерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері негізінен ауызекі айтылып, ауызша таралған. Бізге жеткен деректерге қарайтын болсақ, қазақ шешендерінің атасы – Жиренше деп айтуға болады.
Ал аңыздарда Жиренше Әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (XIV-XV) тұстары ретінде айтылады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін сөз бар. Абай сол Майқыны «Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп атайды. Бұл дерекке қарасақ, шешендік өнердің тарихы әрі қарай тереңдей түседі. Қазақтың шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі XV-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жүргізген жылдар еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Осы кезеңде сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған. Би – халықтың көкейіндегісін, көкірегіндегісін жарыққа шығарған айтушысы.
121-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар. Олардың айтылу сазына қарай айырмашылықтарын түсіндіріңіздер. Нағыз шешен болу үшін тек шеберлік жеткіліксіз. Табан астында тауып сөйлейтін тапқыр, топқа тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет. Шешендік өнердің қиындығы туралы айтатын болсақ:
Көш бастау қиын емес, Шабатын жерде жау бар.
Қонатын жерде су болса. Шаршы топта сөз бастау қиын,
Қол бастау қиын емес, Шешуін адам таппас дау бар,
- дейтін сөз соны аңғартады.
Бүгінгі таңда қазақ халқының шешені болу үшін, өз заманының озат ойшылы, оқыған, саналы, білімді, мәдениетті азаматы болуға тиіс.
Жалпы шешендік өнер халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны – халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айырылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген шешендік өнермен айтылған.