«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылар Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т б



бет53/204
Дата15.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#123498
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   204
123-тапсырма. Мәтіннен қатыстық сын есім тұлғасында тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Ү л г і: Дипломатия+лық тәсіл. Парасат+ты би. Дәстүр+лі мәдениет.


124-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.
Сын есім (Имя прилагательное)


Сын есім дегеніміз – заттың сын-сипатын, сапасын, түр-түсін, мөлшерін, көлемін білдіретін сөз табы.
Имя прилагательное – это часть речи, которое обозначает признаки, качества, свойства, цвет, объем, форму предмета.
Сын есім қандай? (какой?), қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сын есім мағынасына қарай (по значению) 2-ге бөлінеді:
Қатыстық сын есімдер (относительные прилагательные).
Сапалық сын есімдер (качественные прилагательные).
Қатыстық сын есімдер – бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білдіреді.
Қатыстық сын есім выражает признаки, приписываемые предметам, отношение одного предмета к другому по принадлежности, местонахождению, времени и т.д.
Мысалы: шөпті жершөп мол шығатын жер, түнгі жел – түнде соғып тұратын жел, қысқы сессия – қысқы уақытта өткізілетін сессия, жазғы демалыс – жазда болатын демалыс күні, таулы алқаптауы көп жер, тұзды тамақ – тұзы көп салынған тамақ, ақшалы адам – ақшасы көп адам, түскі ас – түс кезінде ішілетін ас, қысқы аяз – қыс мезгілінде болатын аязды күндер т.б.
Қатыстық сын есімдер сөздің түбіріне төмендегі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады:
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті – бір заттың екінші затқа қатысын көрсетеді (указывает на отношение одного предмета к другому). М.: Көп бала+лы үй.
2. -дай, -дей, -тай, -тей – бір заттың екінші затқа қатысты сапасын көрсетеді (указывает на качество предмета относительно другого предмета). М.: Тау+дай, әке+дей, бала+дай;
3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік – қоғамға, саясатқа, өнерге қатысын көрсетеді (указывает на отношение к обшеству, к искусству, к политике). Мысалы: Қала+лық, азамат+тық, әлеумет+тік;
4. -сыз, -сіз – болымсыз сын есімдер (отрицательные прилагательные). М: кітап+сыз, үй+сіз, ағаш+сыз.
5. -қы, -кі, -ғы, -гі – мезгіл, уақыт және кеңістікке қатысты сын есімдер (отношения времени и пространства). М.: жоғар+ғы қабат, кеш+кі уақыт;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет