81-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігінен бес сөзді теріп жазып, оларды ортақ тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер. Ү л г і: Қарсылас (противник). Біздің қарсылас+ымыз; сендердің қарсылас+ың; сіздердің қарсылас+ыңыз; олардың қарсылас+ы.
82-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен бес сөзді теріп жазып, оларды көпше тәуелдену формасына салып тәуелдеңіздер. Ү л г і: Тарихшы (историк). Жекеше: Менің тарихшы+лар+ым; сенің тарихшы+лар+ың; сіздің тарихшы+лар+ыңыз; оның тарихшы+лар+ы. Көпше: Біздің тарихшы+лар+ымыз; сендердің тарихшы+лар+ың; сіздердің тарихшы+лар+ыңыз; олардың тарихшы+лар+ы.
Бұл грамматикалық категория орыс тілінде жоқ, тәуелдік мағына негізінен тәуелдік есімдігі арқылы беріледі: моя книга, твой дом.
Заттың бір адамға, көп адамға меншіктілігін білдіретін тілдің арнайы грамматикалық тәуелдік категориясы бар.
Тәуелдік категориясының мағынасы жұрнақ және тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі:
1. Тәуелдік мағына -нікі, -дікі, -тікіжұрнақтар арқылы беріледі, жұрнақ меншікті заттың иесін білдіретін сөзге жалғанады М.: кітап менікі, қалам сенікі, дәптер Асандікі т.б. 2. Тәуелдік мағына тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі. Тәуелдік жалғауы 3-жақта, анайы, сыпайы түрде, жекеше, көпш түрде қолданады.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа немесе біреуге (адамға) тәуелді, меншікті екенін білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктене айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Меншіктік форма (тәуелдену ұғымын) тудыратын - нікі, -дікі, -тікіжұрнақтары ілік септігінің -ның, -нің, -дың, - дің, - тың, - тің жалғауларының және -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарының бірігуінен пайда болған. Тәуелдік жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшелігі - жуан формасы болмайды. Мысалы: ме-нікі, се-нікі, сендер-дікі, олар-дікі, кі-тапхана-нікі т.б. Притяжательная форма образуется путем присоединения к именным основам суффиксов: - нікі, -дікі, -тікі. Суффиксы притяжательной формы в отличие от других суффиксов не имеют твердого варианта.