«Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы эссе жауаптары


сақтау мақсатында жасалған шаралар оның екінші өмірі ғұмырлы екендігін байқатады



Pdf көрінісі
бет76/133
Дата02.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#78441
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   133
сақтау мақсатында жасалған шаралар оның екінші өмірі ғұмырлы екендігін байқатады. 
Әлемдік жұлдыздар картасында 2402 санға ие – «СӘТБАЕВ ҒА-ЛАМШАРЫ» тәрізді 
ғарышта мәңгі шардың жүруі, Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаяты, 
К.Салықовтың өлеңдері мен поэмалары, М.Рәштің «Қарсақбай хикаясы», Ж.Бөдештің 
«Қаныштың картасы», Б.Жақыптың «Қарсақбай», И.Тасқараұлының «Жезқазғанға 
тағзым», т.б. ақындардың поэмалары мен өлеңдері, қызШ.Сәтбаеваның


«Сәулелі әулет» естеліктер кітабы, Г.О.Батырбековтің «Академик К.И.Сатпаев и его 
современники» еңбегі – осының жарқын мысалы. Ал, жазушы Медеу Сәрсеке – өз 
шығармашылығында қазақтың жоғын, тарихи тұлғаларын түгендеп жүрген қаламгер 
.
25. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың 
«ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» 
деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап 
жазыңыз
 
АВТОР АЯУЛЫМ АЛТАЙ 
INSAGRAM @11bjb.tjb. 
https://instagram.com/11bjb.tjb?igshid=jwi14fbh2s01
 
Бұл шығармаға қарап біз Абай өмір сүрген дәуірдегі қазақ халқының 
тұрмысынан, өмірінен, тіршілігінен, көзқарасынан жан-жақты құнды 
мағұлматтар ала алмыз. Сондықтан да қазақ халқының өткенін 
зерттегісі келетін ғалымның бірде-бірі бұл кітапты айналып өте 
алмайды: филолог қазақ әдеби тілі мен сөздерін зерттесе, этнограф 
көнерген небір тұрмыстық белгілер мен құбылыстарды қарастырады. 
Романда халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленетін тараулар 
бір-бір этнографиялық ғылыми еңбекке татиды. Олардың әрбірі жеке 
зерттеуді қажет етеді. Экономистер Қазақстанның ХІХ ғасырдағы халық 
шаруашылығының бақташылық құрылысынан дәлме-дәл нақты 
мағлұмат алады, ондағы тап қайшылығының, яғни бай мен кедей 
арасындағы қайшылықтардың өзіндік ерекшелігімен танысады. Заңгер 
шариғаттан бастап, билер кесіміне дейінгі даланың жазылмаған заң 
жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды. 
Романның идеялық-көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл 
әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Оған дәлел орыс совет 
жазушысы К.Федин: «Ұлт туралы толық та, тұтас түсінікті бізге 
жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің 
қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті са-
мал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ болып кеткен 
тәріздімін...» - деп жазды. Шынында да бізге ұлт туралы толық 
мәліметті жазушының өнері береді. М.Әуезов өзінің жазушылық 
қабілеті арқылы, осы «Абай жолы» роман-эпопеясында біздің ұлтымыз, 
яғни қазақ халқы жайлы толық мағлұмат берді. Ол көптеген 
халықтардың, жазушылардың мәдениеті бай қазақ халқы жайлы 
түсінігін толықтыра түскеніне ешкімнің де таласы жоқ. Тағы да бұл 
сөзімізге дәлел ретінде француз ғалымы Л.Арагонның: «Эпикалық 


«Абай» романы XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі» - деген 
пікірін алсақ болады. Бұл пікірлер «Абай жолы» роман-эпопеясының 
қазақ әдебиетінің зор жетістігі екенін дәлелдейтіндей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет