82. Берілген оқу мақсатына сәйкес кемінде 3 бағалау критерийін жазыңыз: 5.2.3.1 хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату 5.2.3.1 хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Жауап: Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі. Яғни, бағалау критерийі сабақ барысында оқушы меңгеру тиіс немесе тапсырмада қамтылуы тиіс дағдылар есебінде жүргізілетін бағалау өлшемі. Берілген критерийлер негізінде оқушыға балл қойылады. Мысалға, 5сыныптың оқылым бөлмінің «мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату» бөлімшесі бойынша берілген оқу мақсаты негізінде мына үлгідегі тапсырма құрастыруымызға болады.
«Суды үнемдеу» тақырыбында нұсқаулық құрастырыңыз. Нұсқаулықтың құрылымы мен рәсімделуіндегі ерекшеліктерді ескеріңіз.
Бағалау критерийі:
o Тақырып негізінде нұсқаулық құрастырады;
o Нұсқаулықтың құрылымын сақтайды;
o Кемінде 4-5 нұсқау ұсынады;
o Нұсқаулықты дұрыс рәсімдейді.
83. 5.2.3.1 оқу мақсатына негізделген «Жазылым» тапсырмасын бағалау критерийлерін жасаңыздар. Жауап: 5 сыныпта оқылым бойынша мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату бөлімшесі бойынша берілген оқу мақсаты: 5.2.3.1 хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату. Бағалау критерийі дегеніміз білім алушының оқу жетістік деңгейлерін, көрсеткіштерін өлшейтін белгі, өлшем.
Бағалау критерийі:
Тақырыптан ауытқымай нұсқаулық жазады;
Құрылымы мен рәсімделуіндегі ерекшеліктерді сақтайды;
Нұсқаулық жазудағы ерекшеліктерді саралай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады;
84. 5-сынып І тоқсан «Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар әзірлеңіз.
Оқу мақсаттары: 5.1.4.1; 5.3.2.1