2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеттерін жүйелеңіз. Қазақтың әдіскер-ғалымдарының қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеттерін айқындауға қатысты тұжырымдарын талдап жазыңыз.
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан- жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап көтерілген оқу –ағарту мәселесі қазақ қоғамы үшін әлеуметтік мәнәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин болса, оны жалғастырушы А.Байтұрсынов болды. А.Байтұрсынов қазақ мәдениетінде жалаң ағартушы ғана емес, ғалым ағартушы. 1929 жылы 5 мамырда А.Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген “газет және журналдарда жарияланғаннан бстап ғылыми, ғылыми – методкалық еңбектердің тізімі” деген құжат ҚазПҰУ – дың архивінде сақталған Олар мыналар: Тіл құрал (1- бөлім. Фоентика).2. Тіл құрал (2 – бөлім. Морфология). 3. Тіл құрал (3- бөлім. Синтаксис). 4. Әдебиеттанытқыш. 5. Баяншы (методикалық жазбалар). 6. Тіл жұмсар. (1- бөлім. Практикалық грамматика). 7. Тіл жұмсар. (2- бөлім. Практикалық грамматика). 8. Оқу құрал (Балалар әліппесі). 9. Әліппе. 10. Сауат ашқыш (ересктер әліппесі). 11. Әліппе – астар (әліппеге методикалық нұсқау). 12. Қырық мысал. 13. Маса. 14. Оқу құрал (Хрестоматия). Ол қазақ тілі мен әдебеитін пән ретінде қазақ тілінде тұңғыш баяндаушы адам. Осы күнгі қолданылып жүрген терминдердің баршасы, сөз таптары лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтыкі. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты 1910 жылдардан бастап, 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін “Баяншы” атты кітапшасы 1912 жылы жарық көреді. Бұл еңбегінің 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан 1895 – 1909 жылдар тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады. Бұл көлемі жағынан өте шағын небары он бес –ақ беттен тұратын, бірақ мазмұны жағынан енді –енді ғана қалыптасып келе жатқан әдістеме үшін баға жетпес құрал болды. А.Байтұрсынов 1927-1928 жылдары “Жаңа мектеп” журналында “Ана тілінің әдісі”, “Зерттеу мен суретшілік әдісі туралы”, “Жалқылаулы – жалпылаулы әдісі”,“Қай әдіс жақсы?” “Ана тілінің әдісі” деген методика мәселелерін сөз ететін мақала жариялайды. Мектеп балаларына арналған оқулқтарында болсын, “Сауат ашқыш” та болсын А.Байтұрсыновтың иллюстративтік материалдарды ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздегені байқалады. Автор жалпы оқулықққа тән “жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге” деген принципті ұсынғандықтан, бірінші басқыш мектеп балаларына арналған материалды аса түсінікті етіп беруді көздейді. Сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс мақал – мәтелдерден, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Олардың барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті, т.б. сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, өлең жыр жолдары болып келеді. “Баяншы” (Қазақ мұғалімдері үшін) Қазан, 1920 жыл 8600 тиражбен жарық көреді.