Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру



бет6/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру.
2. Көлемдік көрнекілік: фото, суреттер, картиналар, диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру;
3. Дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофоннан үзінді оқтып талдату;
4. Графикалық символдық көрнекілік: картина, схема, таблица, диаграммалар.
Көнерген сөздерді оқытуда көрнекіліктің көлемдік түрін қолдануға болады. Мысалға, кинодан (Жау жүрек мың бала) фрагментін көрсетіп, атауларды анықтату немесе киім, қару жарақ түрлерін көру арқылы атауларын анықтату тапсырмаларын ұсынуға болады.
10. Әуелі оңай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, белгісіз, күрделі оқу материалдарын оқыту қандай қағидаға сәйкес? Морфологияны оқытуда бұл қағиданы қалай іске асырасыз?
Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде әдістемені анықтауда дидактикалық принципті басшылыққа алады. Принцип – латын сөзі- основа (негіз), қазақшасы оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы. «Жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге,
қарапайымнан күрделіге" деген бірізділік пен жүйелілік принципіне жатады. Жүйелілік пен бірізділік принципі
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның бІлімі толық жәңе шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасыңца ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғаңдықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс. Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады. ...
Оқытудың санаға лайық жүйелік принципі. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің бірінші басшылыққа алатыны - әр сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім көлемінің бір жүйеде берілуі. Бағдарламада үш сатыда (бастауыш, орта және жоғары сыныпта) берілген материалдар сабақтаса отырып, толықтырылып, кеңейтіліп, сатыдан – сатыға өткен сайын тереңдеп ғылыми жағынан байып отырады. (Мысалы, 5 сыныптағы «Лексика» тарауы 6 сыныптағы «Фразеология» тақырыбымен толықтырылады) Оқушылар көргенін, жазғанын, және қолмен ұстағанын тез қабылдайды, жадында ұзақ уақыт сақтайды. Ал есту бойынша қабылдауда берік психологиялық мүмкіндік бола алмайды. Жүйелілік оқушының білім алуында да, тапсырманы орындауда да жүзеге асады. Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тілдік матриалды - теориялық мағлұматтарды белгілі бір орын тәртібімен өткізіп, жаттығу жүргізу мақсат етіледі. Сөйтіп теориялық матералдар емлелік обьектілермен ұштастырылады. Қазақ тіліне байланысты оқушылардың сөздік қоры бірте – бірте шоғырландырылып, іс жүзінде дұрыс жазып, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырылады. Осыған орай оқыту әдістемесі де шамаға лайық жүйелілік байланыста болу қажет. Морфологияның зерттеу нысанына сөз таптары да кіреді. Ал сөз таптарыны 5 сынып: зат е, сан е, сын е 6 сынып есімдік, етістік, үстеу 7 сынып: етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлері, шақ, рай түрлері,шылау, еліктеуіш, одағай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет