Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Грамматикалық қателер, оны болдырмау жолдарын тұжырымдап жазыңыз. Орфографиялық сөздікпен жұмыстың маңыздылығын айқындаңыз



бет14/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Байланысты:
СЕС (ҚТОӘ) (копиия)

24. Грамматикалық қателер, оны болдырмау жолдарын тұжырымдап жазыңыз. Орфографиялық сөздікпен жұмыстың маңыздылығын айқындаңыз.
Жауап: Енді мына грамматикалық қателерге ерекше тоқталғым келіп тұр. Өйткені мына қазір ауызша сөзде осындайларға көп жол беріп жатқан сияқтымыз. Тіпті олардың жазба тілдегі көріністері көрініп тұрады. Мысалы, көбісі келді, көбілері келді деген қолданыс жазба тілде де жүреді, ауызша тілде де осылай айтып жатамыз. Бұл енді дөрекі қате. Өйткені көп деген сөздің өзінде көптік мағына бар. Оған апарып тағы да көптік жалғауын жалғаудың қажеті жоқ. Көбілері келді дегендегі, ал енді көбісі дегендегі көбі деген сөздің өзі тәуелденіп тұр. Көп-көбі енді оған алып барып оны қайтадан тәуелдеп көбісі дейміз.
– Көбілері?
– «і» деген тәуелдік жалғауы, көп-көбі. Мысалы, оқушылардың көбі сабаққа келді. Енді осыны алып барады да, тәуелденіп тұрған сөздің үстінен тағы да тәуелдік жалғауын жалғайды көбісі деп, оқушылардың көбісі деп. Сондықтан көбісі деген қате қолданыс. Сақ болу керек. Көбі деп қолдану керек. Грамматикалық қателердің ішінде тағы да бір құлаққа түрпідей тиетін ауызша сөзде мынандай уде деген, уда деген формалар қазір көбейіп бара жатыр. Осы формалар орыс тіліндегі ожидается деген сөздің аудармасы. Мысалы, Алматыда бүгін жаңбыр жауады деп күтілуде, деп дикторларымыз теледидардан айтқан кезде, сол кісілер осы отырып алып жаңбырды күтіп отырғандай болып көрінеді де. Күтілуде деген.
– Негізі дұрысы қалай?
– Дұрысы, Алматыда бүгін жаңбыр жауады немесе жаңбыр жаууы мүмкін.
– Жауын жаууы ықтимал деп жатады.
– Немесе жауын жаууы ықтимал, иә. Алматыда бүгін жауын жауады деп, хабарлайды метеорологиялық орталық деген сияқты формалармен беру керек. Ал деп күтілуде деген ол біздің грамматикалық жүйемізге мүлде қайшы келетін қолданыс. Сол сияқты бізде, мысалы, грамматика туралы өзіміздің төл тіліміздің грамматикасы туралы айтқанда, енді тыңдармандарымыз үшін қызық болсын, этнограмматика деген ұғым бар. Қазақ тілінің өзінің орыс тіліндегі жоқ грамматикалық категориялары бар. Мысалы, сыпайылық деген үлкен категорияны жеткізетін грамматикалық құралдар бар. Соның ішіндегі бір ерекшелігі сілтеу есімдіктерін қолдануға тура келетін кезде, мысалы, сыпайылық танытатын жағдаятта үлкен кісілерге қатысты айтып отырмын, үлкен кісілерге қатысты сілтеу есімдігін қолдануға тура келетін кезде, оны жалаң түрде қолданбайды қазақтар. Ол ақсақал демейді, ол кісі ақсақал дейді. Мына кісі менің әкем дейді, мына кісі менің анам дейді. Мынау менің әкем, мынау менің анам деп сілтеу есімдігін жалаң қолданбайды. 
Әдетте осы көп қолданылады. Мысалы, сен нешінші автобусқа отырасың? дейміз. Сен қай аялдамадан шығасың? дейміз. 
Қазақта көлік ол қашан да жылқымен, атпен ассоциоцияланады. Сондықтан ол автобус болсын, мейлі ол жай ғана жеңіл көлік болсын бәрібір біз оған атқа мінгендей мінеміз. Бәрібір біз оған аттан түскендей түсеміз. Сондықтан автобуқа міну, автобустан түсу деп қолданған мынау қазақтың өзінің төл грамматикасына, төл түсінігіне әбден сәйкес болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет