Сабақ тақырыбын меңгеру үшін, құр сөйлеп түсіндіру жеткіліксіз методикалық ережелерді жаттап алған мұғалімдердің бәрі бірдей пәнін ойдағыдай оқыта алмауы мүмкін. Мұғалімдер тілдік тақырып пен оны оқыту методикасын бірінен-бірін айыра да біліп, сонымен бірге бірімен-бірін байланыстыра да білулері керек. Оқушылардың бойына берген білімін сіңіре алуы тиіс. Оқушылардың барлығы сыныпта отырғанымен олардың ойы сынпта болмауы мүмкін сондай жағдайларда баланың назарын өзіне аудара алу керек. әр адамның психологиясын, жай-жағдайын, көңіл-күйін, сезім-сенімін біліп оқытуды басты ұстаным болып табылады. Тілді меңгеруде оқушылардың психологиялық ерекшелігіне ден қою арқылы адамның ойлау, қабылдау, пайымдау, талдау қабілетін кеңейтіп, оның ішкі жан дүниесін байытуға болады.
8. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының даму тарихын хронологиялық кестеге түсіріңіз.
1879 жыл Ы. Алтынсарин <<Қазақ христомотиясы>> 1912 жыл А. Байтұрсынов <<Баяншы>> еңбегі 1927-1928 жылдар А. Байтұрсынов “Жаңа мектеп” журналында “Ана тілінің әдісі”, “Зерттеу мен суретшілік әдісі туралы”, “Жалқылаулы – жалпылаулы әдісі”,“Қай әдіс жақсы?” “Ана тілінің әдісі” деген методика мәселелерін сөз ететін мақала жариялайды. 1929 жыл А. Байтұрсынов “газет және журналдарда жарияланғаннан бстап ғылыми, ғылыми – методкалық еңбектердің тізімі” деген құжат ҚазПҰУ – дың архивінде сақталған 1941 жыл Сейіл Жиенбайұлының еңбегі – «Қазақ тілі методикасы» оқулығы 1956 жыл Ш.Х. Сарыбаев «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері»еңбегі 9. Көрнекілік ұстанымын сипаттап жазыңыз. Қазақ тілінің көнерген сөздерін оқытуда қандай көрнекіліктер пайдаланар едіңіз? Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. «Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат – оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету». Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; үлестірмелі қағаздар.