Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы пәні Кіріспе


Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың нәтижесінде



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата03.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#134108
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Мысалы, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың нәтижесінде: 

сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады; 

ұжымдық, ынтымақтастық қатынас орнайды

бұрынғы білгендеріне білім қосылады; 

ӛзара қарым-қатынас деңгейі ӛзгереді; 

оқушылардың жауапкершілігі артады; 

әр сабақта стандартты емес тәсілдер қолданылады; 

оқушылардан ӛзгерістер байқалады; 

үнемі проблемалық ситауциялар туындайды; 

шәкірттер бір-біріне маңызды сұрақтар қоя білуді үйренеді; 

олар ӛзара сыйластыққа, ӛзгелердің пікірлерін сыйлауға үйренеді; 

әр сабақты ӛздері игеруге, тұжырымдама жасауға тӛселді; 

қысқаша ой толғай мен эссе жазуға үйренеді; 

кейбір оқушылар ӛлең шығаруға, әңгіме жазуға, пікірлерін ауызша, жазбаша толық жеткізуге тӛселді. 


3. Модульдік оқыту технологиясының маңызы мен ерекшелігі 
Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастады. Оның негізгі мәні – сабақтың 
жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан 
тұрады.«Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бӛлігі» Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді 
меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, кӛру, қимыл ойлауды, ынтаны 
қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру. 
Сабақтың қызықты, сапалы ӛтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 
«Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген ӛткен ғасырда айтылған сӛздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері 
орнымен пайдалану арқылы кӛп нәтижеге жетуге болады. 
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері 
оқушыларды ӛз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, ӛзін-ӛзі ӛзгені де бағалай білуге үйретеді. 
Тиімді белгілерінің бірі – оқышының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде 
оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Сӛздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сӛз 
тіркесін, сӛйлемдерге сӛзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде ӛз 
ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде ӛз пікірін шағын шығарма, ӛлең, жұмбақ, 
қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, 
жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының ӛзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар 
арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы ӛзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға 
еріктілігі, оның ӛз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, ӛзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына 
жетелейді. Модулдік оқыту және рейтинг - бақылау жүйесінің

ерекшеліктеріне тоқталсақ, модуль дегеніміз - міндетті түрде білім 


алушының білімен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған білім. Модульді құрастырыудың негізінен пәннің 
жұмыс бағдарламасы алынады. Ол кӛбінесе пәннің тақырыптарына немесе ӛзара байланысты тақырыптар блокына сәкес келеді. Бірақ, 
тақырыптан айырмашылығы – модельде: тапсырма, жұмыс, білім алушылардың сабаққа қатысу, білім алушылардың старттық, аралық және 
қорытынды білім деңгейі – бәрі – бәрі ӛлшеніп, бағаланып отырады. Оқу модулі қайта жаңғартушы оқу циклы ретінде үш құрамды бӛліктен 
тұрады: кіріспе , сӛлесу және қорытынды. Модуль білім алушыда ӛз бетімен еңбектену, оқу – танымдық процесті басқара алу икемділігінің 
дамуын қамтамассыз етеді. [1, 62бб.] 
Сонымен модулдік оқыту технологиясы құрлымының мынадай нұсқасын кӛреміз: 1.Оқу мақсаттарымен таныстыру: 2. Мазмұны 
жақын тақырыптар топ немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру. 3.Мұғалмнің оқу материалын қысқаша баяандауы. 
4.Ӛзара сӛйлесу негізінде оқущылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір білім алушынық қызмет нәтижесін әр сабақта 
бағалап отыру.5.Жалпы тақырыпқа, тарауға («ӛсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.6.Тұтас тақырып 
бойынша тестілеу.7.Тақырып бойынша қалыпты сынақ (ӛзіндік жұмыс,бақылау жұмысы, т.б.).[2, 94 бб.] 


Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Ал педагогикалық процесс барысында ол фасилитатор, 
кеңесші және білім алушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы ролінде болады. Мұғалім бір оқу модуліне бӛлінетін сағат санын 
анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ сол модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын 
ойластырып, оқу модулін құрады. 
Мұғалімнің алдын ала жүргізетін жұмысы тӛмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады: берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша 
бағдарламада меңгерілуі тиіс деп кӛрсетілген мақсаттар мен міндеттерді айқындау; берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас 
мазмұнын оқып зерттеу; берілген модуль бойынша негізгі мағынаны беретінтүйінді ұйымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін 
рефльефтік (код сияқты) сӛздерді табу. Олардың ӛзара байланысы мен ӛзара бағыныштылығын анықтау; тұтас тақырып бойынша тірек 
сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде); оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар 
құрастыру (15- 20 тапсырма шамасында). 


Берілген модульдегі оқу материалын тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру(оқу 
пәнінің ерекшелігіне байланысты сынақты алмастыруға болады). Сӛйлесу бӛлімін әзерлеу. Оқытудың белменді формаларын таңдау. Оқу 
материалының мазмұны бойынша әрбір білім алушыға арнап күрделілік дәрежеіндегі тапсырмалар және ізденушілік (зерттеушілік) 
элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді. 
Модульдік оқу технологиясында білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалаудың, ӛзін- ӛзі және бірін- бірі бағалаудың 
мәні зор. Білім алушылар білімін бағалау балдық жүйемен жүреді, онда әрбір білім алушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш 
тапсырма беріледі. Олар шартты белгілермен кӛрсетіледі. 
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Сонымен талқылауға ұсынылып отырған бұл 
технология: білім алушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға; таным процестерін дамытуға; белсенді сӛздік қорын, ауызша және 
жазбаша тілін дамытуға; тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым- қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, 
шығармашлық ӛзін- ӛзі белсендіру, ӛзін - ӛзі бекіту қажеттіліктерін қанғаттандыруға әсер ететіні сӛзсіз. 
Модульдік оқытуда оқу материалын үйренудің реті, игеруге тиісті негізгі ұғымдар, дағдылар мен біліктер, материалды игерудің 
деңгейі мен сапасы- барлығы алдын- ала жоспарланып қойылады. Модульдердің саны пәннің ішкі ерекшеліктеріне, сонымен қатар 
оқытудың қажетті бақылу жиілігіне де байланысты. Модульдік оқыту - рейтингілік бақылау жүйесімен тығыз байланысты. Модуль 
неғұрлым ірі және маңыздырақ болса, соғұрлым оған балалар саны кӛбірек беріледі. Пәннің базалық мазмұны ұғым құрамында базалық 
мазмұнды блоктар логикалық бір жүйеге келтірілген оқу модулі ұғымымен тығыз байланысты. 
Базалық ұғымдар модуль бойынша естілетін істердің барлығын қамтитын және модульді оқып біткеннен кейін бақылауға (әдетте тест 
түрінде) алынатын сұрақтар мен тапсырмалар құрастырылады. Әрбір модуль қарастырылып болғаннан кейін тест бақылауының нәтижелері 
бойынша оқытушы студенттерге қажетті ұсыныстар жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет