Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
247
тікелей байланысты деуімізге болады. Ауыздан шыққан алғыс пен
қарғыс адам баласының өмір тіршілігін жеңілдететуге немесе
қиындатуға, ұзартуға немесе қысқартуға
болады деген ұғымнан
келіп туындаған.
Алғым және қарғыс мәнді сөздердің пайда болуы адамзат
тарихымен,
рухани
дамуының
“сәбилік”
сатысындағы
дүниетанымымен, дінге дейінгі қарапайым танымымен тығыз
байланысты. Түркілер көне діннің символы көкке,
тәңірге
табынып, жалбарынған. Аспандағы жарық беретін күнге, айға,
жұлдызға бас иіп, көкті тәңірі деп түсініп, көктің күші отта,
найзағайда деп білген. Сондықтан да күннің күркіреуі,
найзағайдың
жарқылынан
қорыққан,
тәңірге
сиынып,
жалбарынып, ырымдар жасаған немесе сол тәңірінің қаһарымен
айбат көрсеткен. Мысалы: тәңірден тапқыр!, тәңір алғыр!,
төбеңнен жай түскір! Немесе тәңір сөзінің қатысымен жасалған
алғыс мәнді фраземалар: тәңірі пана болсын!, тәңір жарылқасын!,
тәңір жар болсын!, және т.б.
Адам баласы сонау отқа, суға, көп құдайға табынатын шағында-ақ
талай заттарды киелі санаған. Әркімнің маңдайына біткен
жұлдызы бар деген түсініктен жұлдызым жоғары болғай,
жұлдызым оңынан туғай деген тілектер осындай наным-сенімнен
туған.
Ертедегі мифологиялық түсінік бойынша тәңірі – ерекше күш.
Оның рахымы түссе,
адамға көмектеседі, қаһары төнсе, адамға
сұмдық кәрісін төгеді деген. Адамдардың өздерінің бір-біріне
жасаған жақсылық-жамандық әрекеттеріне жауап ретінде, осы
күштерге байланысты фраземаларды қолданған. Сөздің күшіне,
құдіреті мен сиқырына, оның магиялық қасиетіне сенген.
Қазақ-қырғыз халқының дүниетанымын зерттеген этнограф ғалым
Ш.
Уәлиханов, айды мүмкін тәңірі деп түсінген болар, қырғыз
халқы ай жаңасын көргенде, қара жерге маңдайын тигізіп, бас
иеді. Жаз болса, сол маңдайын тигізген жердің шөбін алып, үйіне
әкеліп, отқа тастайды деген ой айтады. Ай көрдім, аман көрдім!