Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
46
«Сауатты адам деп қандай адамды айтамыз? – Оқи да,
жаза да
білетін адамды айтамыз.
Оқи біліп, жаза білмейтін адам бола ма? – болады. Ескіше
үйренгендердің көбі-ақ оқи біліп, жаза білмейтін.
Ондай адамдарды толық сауатты деуге бола ма? – Болмайды.
Ондайлар шала сауатты адамдар.
Жаза біліп, оқи білмейтін адам бола ма? – Жоқ. Жаза білетіндер
оқи да біледі. Олай болса сауаттылық негізі оқу бола ма, жазу бола
ма? – Әрине, жазу болады» [18].
Ақымет Байтұрсынұлы осы сөздері арқылы жазудың қоғамдағы,
адам өміріндегі маңызын нақты көрсетіп қойды. Қоғамда әрбір
адамның сауатты болуы, яғни, жаза да оқи да алуы тиіс.
Ғалым
сауаттылыққа мұқтаждықты оқу емес жазу тудыратынын атап
өтті. Ал, оқуды жаза білумен бірге үйреніп кететін қосалқы білім
деп есептеді. Бұл жерден оқудың маңызы жоқ екен деп қате
ұғынып қалмаған абзал. Тек жаза білудің орны оқи білуден
жоғарырақ екенін түсіну қажет. Жазу жоқ кезде оқу болмаған. Бұл
дегеніміз, жазу оқудан бұрын пайда болып, содан кейін оны оқу
қажеттілігі туғандығы түсінікті.
Ғалым тұжырымдарынан байқайтынымыз, жазу ұғымының аясын
бірте-бірте кеңейтіп келеді. Жазудың жан-жақты қызметін
көрсетіп, жазуға түрлі
аспектіден қарап, ауқымды анықтамалар
берді. Жазудың маңыздылығын оқырман қауымға жан-жақты
ашып көрсетіп, жазудың оқумен де байланысының тығыз
екендігін де нақты атап өтті.
Жазу түрлері. Ғалым «Қай әдіс жақсы?» [19]
атты мақаласында
ағылшын, америка, француз, қытай, итальян, түркі тілдерінің жазу
жүйесін сөз етеді. Кей елдер жазу үшін әріп алса, кей елдер таңба
алады. Әр тілден мысалдар келтіріп, дыбыстар мен әріптердің
сәйкестігі әңгіме болады. Түркі тілдер тобына жататын тілдерден
қазақ пен қырғыз тілін қарастырады.
Жазу және емле. Ақымет Байтұрсынұлы сол кездегі тілдерді
қарастыра келе, сол күнгі қолданылып жүрген емлелерді төрт
жүйеге бөледі: таңбаша жүйе, дағдыша (тарихша) жүйе, туысша
жүйе, дыбысша жүйе. Алғашқысы таңба негізді жазумен негіздес