Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
63
Екінші шарт: білім алушылардың өз сөйлеу тілін дамытуға оң
ықпал ету. Өзі ізденіп әрекет еткенде ғана оқушының сөз
мәдениеті туралы білімі кеңейіп, өзіндік дүниетанымы мен
көзқарасы қалыптасып, тілдік дағдысы жетілетіні, сөйлеу
шеберлігін меңгеретіні сөзсіз. Дайын үлгілерді үстірт жаттап
алатын, сылдыраған сырты жылтыр сөзге әуестік пен шымыр
ойдан өрілген шынайы шешендіктің арасындағы жер мен көктей
айырмашылықты таныту арқылы оқушының тілдік талғамын
қалыптастырып, өз сөзіне үлкен жауапкершілікпен қарауға
үйретіледі. Мектеп оқушыларының сөз мәдениетін дамыту
мәселесін терең зерделеген ғалым М.Балақаев бұл орайдағы
пікірін былай түйеді: «Әбден үйреншiктi, айтыла-айтыла ығыр
болған сөйлемдер мен сөз тiркестерiн, жаттанды фразаларды
мүдiрмей, сыдыртып көпiрте сөйлеу жақсы қасиет емес. Ал, өз
ойынан шықпаған жаттанды тiл орамдарын пайдаланушылардың
шығарма¬шы¬лық әрекетi босаңсып, «жұмыс тiлi» ғана iстейдi,
бiлiмiне сүйенбейдi, тiлi мен жағына сүйенедi. Ми жұмысының
ойлау қабiлетiне қозғау салмайды, қызыл тiлдiң қимылына қозғау
салады» [7, 274].
Ахмет Байтұрсынұлының пайымдауынша, айтылым мәдениетінде
сөз сазы ерекше рөл атқарады. Сондықтан оған үйретудің үшінші
шарты – көпшілік алдында шебер сөйлейтін шешендердің сөздерін
үнемі тыңдатып, ой түюге мүмкіндік беру. Сөздің құлаққа
жағымды, мәнерлі де сазды болуына басымдылық бере отырып,
мақам мен мазмұнның үйлесіміне ерекше көңіл бөлу талап етілгені
ләзім. «Сөйлеген, сөйлескен кiсiнiң үнiнде адам ойының нақышты
бедерi ғана емес, ойдың өзi көлбеп көлденең тартылады. «Бал
тамған тiлден у тамар» демекшi, сөйлей бiлген кiсiге оның
ырғақты әуенi шексiз. Соны бiлмей әйтеуiр сөздерден сөйлем
құрай салып, қалай болса солай айта салу – олақтық» [7, 78-б.].
Төртінші шарт – білім алушылардың тыңдау мәдениетін
қалыптастыру. «Сөз атасы – құлақ» деген халық даналығының
тереңінде жатқан тағылымның түйіні: дұрыс сөйлей алудың ең
басты жолы – дұрыс тыңдай алу. Мектептің оқу үдерісіндегі әлі де
дұрыс шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – осы. Пән
мұғалімдерінің көбі оқушының тыңдау қабілеті оның
мәдениеттілігінің бір қыры екеніне назар аудара бермейді.
«Мазмұнды сөзге құлақ қойып, ықы¬лас¬пен тыңдай бiлуге де
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
64
дағды керек. Орамды тiлдiң эсте¬ти¬ка¬лық әсерiне, айтылған
ойдың мазмұнына қанық болу үшiн кiсiнiң «көкiрегi сезiмдi»
болуға тиiс. Сөйлей бiлу адамға қанша керек болса, тыңдай бiлу де
сонша қажет» [7, 56 б.].
Ақпараттық технологиялар дамыған бүгінгі қоғамда білім
алушылардың тыңдалым дағдыларын жетілдіруге қажетті қазақ
тіліндегі бейне-аудиоқорлар да жеткілікті. Білім алушыларға
дайын білім берілмей, өздері ой қорыту үшін әртүрлі материалдар
қолданылады. Көрсетілімнен соң, олар жұптық немесе топтық
түрде талқылай отырып, өзара ой бөліседі. Нәтижесінде өз
ойларын қорытындылап, қысқаша ойтүйін жазады. Бұл орайда
білім алушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары
қатар дамытылады. Осындай мақсатты тыңдалым жұмысын
ыждағатты
орындату
баланың
зейінін
бір
мәселеге
шоғырландырып, оның мәселені терең түйсінуіне ықпал етеді. Бұл
тапсырманы орындау барысында олардың ойлау дағдыларын да
жетілдіруге назар аударылады. Ал, орнықты ой сөйлеу тілін
дамытудың басты шарты болып саналады.
Білім алушылардың айтылым дағдыларын жетілдіру мақсатында
тапсырмалар да түрлендіріліп берілуі қажет. Ең бастысы, білім
алушылардың өзара қарым-қатынас жасай отырып, монологтік
айтылым дағдысына қажетті материалдарды толық меңгеруі. Бұл
талап білім алушылардың сөздік қорын байытуымен, сөздерді
дұрыс қолданып, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіруімен құнды.
Айтылым мен тыңдалымның бірін-бірі толықтырып жетілдіруі
үшін өзін-өзі және өзгелердің жұмысын бағалау тәсілдері
пайдаланылады.
Бесінші шарт – білім алушыны аз сөзге көп мағына сыйдыруға
баулу. Сөз шеберлігіне тән коммуникативтік сапалардың ішіндегі
ең маңыздысы – сөз қысқалығы. Өз ойын қысқа да нұсқа жеткізе
алу – шешендiк сөздiң талабы. Бұл бағытта эссе жанрының әр
алуан типтері мен түрлерін жазуға және оны соңынан айтылым
әрекетінде баяндатуға үйрету маңызды. Өйткені жазу арқылы
айтылым мәдениетін жетілдіру нәтижелі болмақ. Академиялық
эсселерді ретіне қарай орынды қолдану оқу үдерісінің сапасын
арттырады, білім алушы өз пікірін білдіруге және дәлелдеуге
сенімділігі күшейіп, қызығушылығы артатыны сөзсіз. Сондықтан
|