Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет24/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
47 
тәртібі бір емле. Бұл жүйеге қытай тілін жатқызады. Дағдыша емле 
деп бұрыннан қалыпты түрде қолданылып келе жатқан емле. Бұл 
емлеге ағылшын тілін мысал етеді. Ал, туысша емлеге орыс тілін 
жатқызады. Бұл емле тек басына қарамай басқа түбірлес туыстас 
сөздердің де айтылуына қарайтын емле. Соңғысы сөз дыбыстарын 
қалай естісе солай жазу қолданатын емле. Бұл жүйеге итальян, 
неміс, қазақ тілдерін жатқызады.
Сөздің айтылуы мен жазылуы алыстаған сайын емленің тәртібі 
таңба негізді емлеге жақындайды екен. Әріп негізді емлелердің 
идеалды нұсқасы айтылу мен жазылудың бірдей болу деп білеміз. 
Бұл ретте, соңғы көрсетілген емле жүйесін үйренгенге де, 
үйреткенге де, қолданысқа да ең ыңғайлы екендігі түсінікті. 
«Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта» [17]. 
«Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін 
шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, 
емлені тілге ыңғайлау керек» [17]. Ғалымның сөзіне сай, емле 
тілдің барлық заңдылықтарын сақтап, жазғанда ыңғайлы 
болатындай, оны оқу және оқытуға қолайлы болатындай, тілдің 
ажарын беретіндей болғаны жөн.
Жазу және жазуда қолданатын белгілер. Грамматология саласы 
жазудың өзінен бөлек жазу барысында қолданылатын белгілі бір 
мақсаты бар белгілерді де қарастырса керек. Әр елде ол 
белгілердің атауы бөлек. Ал, қазақ тілінде суреттеріне қарап әркім 
әрқалай атап жүрген болатын. Ғалым 1928 жылы жарық көрген 
«Тіл жұмсар» атты оқу құралында жазуда қолданатын белгілерге 
ат қойды. Және онда ғалым белгілердің суреттеріне ғана қарап 
қоймай, олардың жұмсалатын орны мен қызметіне де мән берді. 
Төменде жазуда қолданатын белгілер мен олардың қызметі 
ғалымның өз сөзінен берілді: 
Тыныстық (.) – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі. 
Жапсарлық (,) – дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашыла 
айтылатын жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашылуы 
көбінесе сөйлемдер қосылған жапсарлық жерінде болады.
Қосарлық ( = ) – сөзді қосу керек болған орында, бір сөздің екі 
бөлімін қосу керек болған орында, немесе біріне-бірі жедел екі сөз 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
48 
қатарынан айтылған орында, не болмаса бір сөздің өзі қайта-қайта 
жедел айтылатын орында қойылатын белгі.
Тастарлық ( – ) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын белгі. 
Дәлдеулік («») – бұлжытпай дәлдеп жазып көрсетерлік жерде 
қойылатын белгі» [17]. 
Белгілер атаулары әрқайсысы жұмсалатын орны мен атқаратын 
қызметіне қарай мағыналары да сәтті қойылған. Бұдан ғалымның 
ойының ұтқырлығы мен шеберлігін тіл үшін дұрыс қолдана 
білгенін көреміз. Бұлай дейтініміз, бұл белгі атауларын тіл 
иелеріне қабылдау оңай болады. Себебі, өз тілінде берілген 
атаулар арқылы белгінің қолданылатын қызметін әрі орнын өзінің 
білімімен ассосация жасау арқылы меңгеру жеңіл болмақ. 
Өкінішке орай бүгінгі таңда бұл белгі атаулары қазақ тілінің 
қолданысында жоқ. Біз орыс тілден аударылған нұсқаларын 
қолданамыз. Дегенмен де, бұл ғалымның жазуда қолданатын 
тыныс белгілеріне де қазақ ғалымдарының арасынан алғаш мән 
беріп, шешімін көрсеткендігі, тіл ғылымының бұл саласында да 
ерен еңбек еткендігінің дәлелі. 
Қорыта келгенде айтарымыз, қазақ тіл ғылымында тілге қатысты 
мәселелердің ауқымды қатарын зерттеп, оның ішінде жазуға түрлі 
аспектіден қарап, мәнін аша білген біртуар ғалым, қазақ 
грамматологиясының негізін қалаушы лингвист – Ақымет 
Байтұрсынұлы. Бұл жерде мән беретін жағдай грамматалогия 
термині ең алғаш тек 1952 жылы ғана ұсынылды. Ал, Ақымет 
Байтұрсынұлы жазуға қатысты тұжырымдарын 1912-1928 жылдар 
аралығында жазып қалдырды. Жазуға жан-жақты сипаттама беріп, 
жазу мен сөйлеудің, жазу мен дыбыстың, жазу мен оқудың 
байланыстарын нақты айқындап жазып, жазудағы емле жүйелерін 
бөліп, жазудың өзін топқа жіктеп, ізбасар шәкірттеріне 
грамматологияның теорялық негіздерін қалдырып кеткендігі үшін 
Ақымет Байтұрсынұлы қазақтан шыққан грамматологияның 
негізін қалаған алғашқы грамматолог ғалым деп атауға әбден 
лайық. Бұл еңбекте ғалымның сөздерін, тұжырымдарын
грамматология ғылымы саласында атқарған еңбегін жіктеп 
көрсету арқылы оқырман қауым Ақымет Байтұрсынұлының жазу 
ғылымы саласында жасаған еңбектерінің ерен екендігіне ендігі 
жерде еш күмән келтірмейді деп сенеміз.


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
49 
Қазақтың 
бірегей 
тұлғасы, 
көрнекті 
ғалым 
Ақымет 
Байтұрсынұлының еңбектері әлі тереңдей зерттеуді қажет етеді. 
Ғалымның жұмыстарын оқи отырып, осыдан тура бір ғасыр бұрын 
өмір сүрген ғұламаның білімінің тереңдігі, ойының ұшқырлығы, 
тілге деген сүйіспеншілігі, тілдің табиғи заңдылықтарына деген 
беріктігі, ғылымға деген адалдығы, жан-жақты ізденіпмаздығы, 
қазақ халқына деген шынайы жанашырлығы, еліне деген шексіз 
махаббаты, мінезінің өткірлігі, өзіне деген сенімділігі, «Тіл – 
құрал» арқылы (өзінің айтуы бойынша) қазақ тілін қандай құрал 
екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін 
ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып 
көрсетіп танытқандығы ғалымның барлық құрмет пен атаққа 
лайықты екендігіне көзімізді жеткізеді. Ғалымның адалдық пен 
ізденімпаздықты, еңбекқорлықты талап ететін ғылым алаңындағы 
салған сара жолы, өмір жолы, аса құнды еңбектері біз секілді 
келесі замандық із жалғаушы шәкірттеріне тілге қызмет ету 
жолында ерекше күш-қуат береді.
Ақымет Байтұрсынұлының жазуға қатысты еңбектері біздің 
қолымызда бар деректерге сүйенсек 1910 жылдан 1929 жылға 
дейінгі аралықта жазылған және бәрі де құнды. Ғалымның 1937 
жылға дейін де жазылған еңбектері болуы ықтимал. Болашақта 
табылып жатса, бұл саланың тереңдей түсуіне ықпал ететініне 
сенеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет