Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет32/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
65 
да білім беретін мекемелердегі қазақ тілінен берілетін білімнің 
әлеуметтік тиімділігі неде болуы тиіс деген сұрақтың жауабын 
табу пән әдістемесінің негізгі мәселесіне айналған қазіргі уақытта 
А.Байтұрсынұлының жаңа ізденістерге тұғырнама болған, өмірлік 
маңызы зор қағидалары мен пікірлерінің мәні уақыт өткен сайын 
жаңғырып, жандана түсіп отыр. 
Алтыншы шарт – оқытудың интербелсенді тәсілдерін жүйелі 
түрде қолдану арқылы білім алушының айтылым шеберлігін 
дамыту. Мұндай мақсатты оқыту үдерісінде білім алушылардың 
тұлғалық дамуына қажетті басқа да тілдік дағдылары қоса 
қамтылып отырады. Мысалы, олардың өзара сөйлесім 
әрекеттерінде өз пікірін дәйектей алу, сыни ойлау және 
шығармашылық дағдыларын өзара бірлікте дамытуға болады. 
Тілдік дағдыларды дамытуда оқу үдемелігі қағидаларын ескеру де 
нәтижелілікті арттырады. Ал құндылық бағдарлы оқу қағидалары 
тілдік дағдыларды меңгерту үдерісіне кедергі келтірмей, 
керісінше, мәнін арттырып, тұлғаның дамуын жан-жақты қолдауға 
мүмкіндік береді. Сонымен, айтылым мәдениетін қалыптастыру 
үдерісінде андрагогиканың мынадай қағидаттарын басшылыққа 
алу маңызды:
1. Білімге деген ішкі қажеттілікті ояту. Кез келген жастағы білім 
алушы бір нәрсені оқып үйрену үшін, алдымен, оның не үшін 
қажет екенін түсіну керек.
2. Тәжірибенің маңызын сезіну. Тілді қолдану тұрғысынан алғанда 
балалар мектепке дейін-ақ сөйлеу әрекетінде белгілі бір 
тәжірибелерді меңгеріп келеді. Бірақ мектеп бағдарламасында оны 
жүйелі түрде және сөз мәдениеті тұрғысынан мақсатты түрде 
жүргізу тиімді.
3. Білім алуға ішкі дайындықты қалыптастыру. Өйткені оқу 
мотивациясын туғызбайтын әрекеттің ешқайсысы да оң нәтиже 
бермейтіні анық.
Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды шарттың бірі – сөзді 
дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын 
меңгерту. Бұл туралы тілші-ғалым Р.Сыздық: «Тілдік нормалар 
оның барлық қаттауында: сөздік саласында /лексикасында/, 
грамматикасында, дыбыстық жүйесінде, стильдік-көркемдік 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
66 
тәсілдерінде болуы шарт. Норма, сондай-ақ, тілдің қолданылу 
түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету 
барысында орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба 
түрімен қатар, ауызша сөйлеу түріне қойылатын талаптардың да 
күшейе түсуі заңды. Ауызша сөйлеу іске асқан жерде есту де, 
тыңдау да қатар жүреді. Адамның ауызша сөйлеу арқылы жарыққа 
шыққан ойы екінші адамның тыңдау қабілетін ұштап, есту 
мүшелеріне әсер еткенде ғана ұғынықты болады. Сондықтан 
сөйлесім мен тыңдалым екеуі екі түрлі процесс болғанымен, бір-
бірімен қатар жұмсалып, қатар жүреді» [8, 119-б.]. 
Сонымен, мектепте айтылым мәдениетіне арнайы үйрету – тұлға 
мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды баспалдақ, басты 
талап. Өйткені сөйлесім мәдениеті – адамға тән әртүрлі 
үрдістердің басын біріктіре келіп, оның адами қасиетін танытатын 
басты критерийлердің бірі. Олай болса, тілді оқыту үдерісінде 
айтылым дағдыларын жетілдіру пәнді жалаң меңгерту емес, 
адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру міндетін де 
орындауға ықпал етеді. Осы тұрғыдан келгенде, айтылым 
дағдыларын дамыту сапалы жүргізілуі үшін жоғарыда аталған 
шарттарды сақтау маңызды. Олар – ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 
негіздеген айтылым қағидаларының бүгінгі күні де өзектене түсіп 
отырғанының айқын дәлелі. Ол дәл қазіргідей өзінің ұлттық 
құндылықтарынан аулақтап тұрған білім жүйесін қайта қалпына 
келтіруге қадам жасалып жатқан тұста берік ұстанатын 
бағдарымыз болуы тиіс.
Ахметтің ізін басып, тіл білімінің әр саласын функционалдық 
тұғыдан зерттеген Құдайберген Жұбанов өз замандастарының 
әсіресаясатшыл, үстірт, көшірінді ғылымның соңында кеткен 
әлсіздіктерін сынай отырып, ұлттық лингвистикадағы Ахмет 
Байтұрсынұлының еңбектерінің маңызын сол дәуірде-ақ 
көрсеткен екен. Ғалымның: «Бүгінге дейінгі тексерулерімізде 
Ахмет Байтұрсынұлының дәрежесінен әлі көш жер кейін 
жатырмыз. «Тазын жасырған жазылмайды». Біз мұны бойымызға 
қанша мін болса да, жасыра алмаймыз. Біз әлі тек айқайлаумен, 
құрғақ сөзбен беталды құла дүз боқтаумен, мінеумен жүрміз. 
Ауызбен орақ орып, құс тістеп, қызыл өңештенгенмен, сөзге 
келгенде, батпан артықпын деп тұрып, іске келгенде ширек кем 
шықсақ, Байтұрсынұлының «Тіл құралын» жамандап тұрып, 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
67 
өзіміз одан да төмен қып шығарсақ, бұл Байтұрсынұлын 
мінегеніміз емес, оның беделін өсіргеніміз болып шығады,» - деген 
сөзі көп шындықтың бетін ашады [9, 35-36-б.].
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы өз бойындағы 
көшбасшыларға ғана лайық «ұлылыққа бастайтын мүмкіндікті 
пайдалана білетін айрықша қабілет-дарыны» арқасында тіл мен 
әдебиет секілді ұлттық құндылықтарды зерделеудің өрісті 
өнегесін таратты. Ғылым мен білім беру жүйесін өзара 
сабақтастықта дамыта отырып, оны жетілдіріп, қалыптастырудың 
негіздерін ұлттың білім сабасынан іздеп табудың жолын көрсетті. 
Көшбасшыға тән қасиетімен «құндылықты – әрекетке, арманды – 
ақиқатқа, кедергілерді – жаңалыққа, бөлінуді – бірлікке, сындарлы 
мүмкіндікті – керемет жетістікке» айналдыра білді (10, 148-б.). 
Сөйтіп, өз тұжырымдарымен, ұлт ғылымын жаңа белеске көтеру 
жолындағы 
табандылығымен 
ұстаным 
қайшылықтарына 
қарамастан, замандастарын да, бүгінгі оқырманын да ортақ 
мұратқа жігерлендіре білді. Шынайы жасампаздықтың үлгісін 
көрсетті. Ендігі жерде сол ілімді дұрыс қолданып, болашақтың 
пайдасына жарату – бүгінгі әдіскерлерге сын. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1 Уоррен Бенис. Көшбасшы болу хақында// Көшбасшылық 
/Ш.Мұқан/. –Алматы: «Мазмұндама», 2019.- 7-31-бб. 
2 Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық 
жинағы. ІІ том. Алматы: «Ғылым», 1977. -298 б. 
3 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.- 4-т. 
Әліппелер мен мақалалар жинағы.-Алматы: «Алаш», 2006.-320 б.
4 Байтұрсынұлы А.Түрікшелер құрылтайы// Бес томдық 
шығармалар жинағы.- 4-т.-Алматы: «Алаш», 2006.-266-275 б.
5 Сыздық Р. Термин жасау – Ахмет Байтұрсынұлы көтерген 
тарихи жүктің бірі //Ғылыми таным үзіктері.-Алматы: Кие, 
лингвоелтану орталығы, 2009.-472 б. 
6 Байтұрсынұлы А. А.Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары. 
ІІІ том. https://kitap.kz/book/4579/read#epubcfi(/6/8[id4]!/4/2/2/1:0) 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
68 
7 Балақаев М. Тілдік норма және поэтикалық фразеологизмдер // 
Сөз өнері. –Алматы: Мектеп, 1978. -184 б
8 Сыздық Р. Ғылыми таным үзіктері.-Алматы: Кие, 2009. 115-б. 
9 Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.- өңд., 3-бас. –
Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. -608 б. 
10 Кузес Дж., Познер Б. Көшбасшылық сынағы// Көшбасшылық.- 
Алматы: Мазмұндама, 2019.- 147-185 бб. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет