Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет44/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

 
 
 
 
БӨЛІМ 6 
 
СӨЗ ТУДЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРТАҚ МӘН ТУҒЫЗУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Балжан Қамызанова
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
97 
СӨЗ ТУДЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ОРТАҚ МӘН ТУҒЫЗУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Балжан Қамызанова 
Филология факультетінің 1 курс магистранты 
ф.ғ.д.,профессор А.Б.Салқынбайдың жетекшілігімен 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Алматы, Қазақстан mail: kamyzanova-balzhan-2000@mail.ru 
Сөзжасам саласында кез келген сөз жасауға қатысатын сөз 
тудырушы тұлғалар белгілі дәрежеде өзіндік мағынасымен 
уәжделеді. Сөзжасамдық тұлға бар жерде сөзжасамдық мағына бар 
екені анық. Қазақ тілі бай әрі орамды тіл екенін ескере отырып, 
тұлға мен мағына үндесімінің тағы бір ерекше қырына тоқталғым 
келеді. Сөз тудырушы тұлғалар тілдік бірлік жасауға негіз болып 
қана қоймай, өзіндік мән үстейді, сондай-ақ, бойына жинаған 
қандай да бір өзіндік қасиеттері арқылы танылып тілден өз орнын 
тауып, көрініс беріп отырады. Қазақ тілі болмысында ішкі мазмұн 
мен сырқы құрылымның құпия байланысы әрі бөлекше 
синкреттілік бар. Бұл да болса қазақ тілі сөзжасамының 
санқырлылығы. Қазақ халқының айтыс, ақынжандылық, өлең 
сөзге жақын болуына әсер етіп тұрған да құпияға толы тілдік 
бірліктері. Олардың бойында ыңғайға келетін қалып пен жарасым 
бар. Осы арқылы олар тілге сөз тудырушы тұлғалар болып қана 
қатыспайды, сонымен қатар ортақ мән жасырады. Сыртқы 
құрылым өлең сөзге жақындатып әдемі бейне көрсете алса, ішкі 
ортақ мағына оларды көңілге қонымды, жүрекке жылы еткізіп 
болмыстандырады. Сөздердің жасалуы мен мағынасының 
бекітілуі табиғи заңдылықтан туады. Сөз жасалуында болатын 
уәждеме, мағыналық даму, ортақ сема сынды атаулар сөз 
тудырушы тұлғалар бойына жинақталады. Сөз тудырушы басты 
тұлға түбір деп танимыз. А.Байтұрсынұлы бойынша айтқанда, 
«бастапқы мағынасындағы, бастапқы тұлғасындағы сөз [1.24]» 
түбірдің сөз тудыруда да, ортақ мәнге ұйытқы болатын қасиетінде 
де, 
сөз 
тұлғасынның 
генетикалық-семантикалық 
кодын 
сақтайтынында да айрықша мән жатыр. Түбірлердің бүгінгі 
сипатында ең кіші мағыналы құрылымы – бір буынды түбірлер. 
Тілде дербес мағынаны иеленіп, өз алдына тұлға болып жүрген 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
98 
мұндай түбірлердің өзара жақындығы мен көпмағыналылығын сөз 
ету – сөз құдіретінің құпия әлеміне бағыт сілтейді. 
Теорияны мысалмен дәлелдеу үшін, мына сөздерге зер салсақ: боз, 
соз, тоз, оз – осы бір өзара жақын бірліктердің барлығының 
құрамында оларды жақын етіп тұрған «оз» сөзі, яғни 
жақындатушы бірлігі бар. Бұл тілдік бірліктің қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде төрт мағынасы көрсетілген. Оның алғашқы 
және негізгі мағынасында « алға озып шығу, ілгері кету» екендігі 
айтылған [2.484]. Біз бұдан «оз» түбірінде және ол кездесетін басқа 
тіл бірліктерінде уақытқа қатысты, оның ішінде көп уақыттың өту 
сипаты сезілетін семаны байқаймыз. Енді басқа сөздердегі 
көрінісіне назар аударсақ, «боз», мұнда уақыттың алға жылжу, көп 
уақыт өту семасы бар. Себебі боз деген «ақшыл, қылаң түс» болса, 
екінші мағынасы бетегелі, изенді ақ селеулі дала. Кез келген 
дүниенің бозарып, боздануында да алға шыққан уақыт семасы бар. 
Сонымен қатар бозбен кездесетін сөз тіркестері боз жусан – 
көпжылдық өсімдік, боз арша – мәңгі жасыл өсімдік, ал боз ала таң 
– түн дейтін ұзақ мерзімнен кейін туады, бұдан бөлек, бозбала 
ендігі уақытта жас бала емес, баланың есейген алға шыққан кезі. 
Міне бұның барлығында уақыттың алға жылжу, өту семасы 
толығымен бар. Ал «созда» созылу, алға тарту немесе жылжу, яғни 
уақыт өту семасы бар. «Тозға» келсек мұнда да көнелену, тозы 
шығып ескіру, яғни уақыттың алға жылжу нәтижесінде, көп 
уақытты өткізу арқылы болатын құбылыс. Ортақ сема, ортақ 
мағына өздігінен аңғарылып ашылды деп айта аламыз.Бұны қазақ 
тілінің бір қасиеті деп қарауға болады. Тілімізде осы жайттармен 
байланысты мынадай тіл бірліктері кездеседі: Замана тозбақ, 
уақыт озбақ немесе
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар, 
Бәрінен де қой бағып,
Қозы өсірген озар.
Негізінен қазақ сөзінің әр тұлғасында осындай ерекшеліктер бар. 
Жұмыс дәлелді болуы үшін тағы бір мысалдар қатарын келтіріп 
өтсем: күз, сүз, түз, жүз және үз. Мұнда барлығына ортақ тұлға – 
«үз». Үздің түсіндірме сөздікте екі мағынасы берілген: біріншісі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет