Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет40/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
85 
әр таңба жеке сөзді белгілеп тұрады. Одан кейін сөзді белгілі бір 
таңба арқылы айқындап тұратын логограммалар пайда болады. 
Онда да сөз толық бейнеленбей силлабикалық (буын) белгілері 
арқылы, негізінен, дауыссыз дыбыстардан құралады. Мұндай 
жазулардың ішінде ең көнелеріне Египет жазуын (шамамен 6 мың 
жыл), шумер (шамамен 5 мың жыл), қытай (шамамен 4 мың жыл) 
және мая жазуларын (шамамен 3 мың жыл) жатқызуға болады.
Ғалым И.М. Дьяконовтың пікірінше, пиктографиялық таңбалар 
ойды қашықтыққа жеткізуде қолданылған тәсілдің бірі болған. 
Бірақ, ол ойды жеткізе алғанымен, мұндай жазу тіл туралы көп 
мағлұмат бере алмайды. Өйткені мұнда ой мен таңбаның 
байланысы нақты болмайды. Ал, логограмма сөздің графикалық 
белгісін білдірсе, идеограмма ұғымның белгісін анықтайды. 
Жалпы тіл білімінде ұғымнан сөздің пайда болуы және ұғымның 
жазудағы таңбамен тікелей байланыста болатындығы белгілі. 
Бірақ сөз бен таңбаға келгенде әртүрлі пікірлер айтылады. Тілді 
таңбалар жүйесі десек, олар негізінен абстрактылы мәнде деп 
түсінеміз. Соның нәтижесінде кез келген сөз, дыбыс, қытай 
тіліндегі тондар (ырғақ), сөйлемдер – барлығы тілдің таңбалық 
табиғаты бар құбылыс екенін танытады. Сондай-ақ, тілдің 
объективті, тарихи құрылымын жақтап, тілдік құрылымдар мен 
белгілерге қатысты жасалған номиналистік және субъективті-
психологиялық теорияларға қарсы шығады. Белгі, символ және 
аңыз категорияларын жеке қарап, «белгі» мен «символ» 
терминдері әртүрлі мағынада жұмсалатынын, сонымен қатар бұл 
үш тілдік категория әлі де болса дамудың бастапқы кезеңінде 
тұрғанын айта келе оларды түбегейлі зерттеу қажет деп түйіндейді 
[9, р. 89]. Кеңестік философия мен мәдениетте танымға қатысты 
жасалған тұжырымдарды берік ұстанатын лингвистер «бейнелеу» 
теориясы қолданылғаны белгілі. Олар батыс ғылымының тілге 
берген анықтамасына, яғни олардың тілді –математикалық ойдан 
және мән-мағынадан тыс жатқан математикалық белгілер жүйесі 
ретінде тануына қарсы болған. Дегенмен, абстрактылы ойлаудың 
маңыздылығын да жоққа шығара алмаған. Мұндай кереғар 
пікірлердің болуы сандық белгілер жүйесіндегі мағынаны 
қарапайым «санмен» байланыстырудан туындаса керек. Себебі тіл 
(сөз) үнемі даму, жетілу не өзгеру үстінде болатын құбылыс деп 
ұғынылады. Әрине, өзгеруді, яғни дамуды ешкім де жоққа шығара 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
86 
алмайды. Бірақ, бұл лингвистика тарихында жаратылыс 
ғылымдарына еліктеуден туындаған «тіл – тірі организм» сияқты 
көзқарастың ықпалы да болуы мүмкін. Тіл қаншама жыл дамуда 
болса да, өзінің табиғатын, негізгі қасиеттерін оңайлықпен 
жоғалтпайды. Тілдің мұндай тұрақтылығын тілдің табиғатында 
жатқан абстрактылық, символдық, логика-семантикалық, сандық-
таңбалық концептермен түсіндіруге болады. Лингвистердің 
тілдегі заңдылықтарды мойындамауы тілді спонтанды өзгерістің 
нәтижесі деп білуі де тілдің осындай табиғатын ескермеуден 
шыққан деп ойлаймыз.
Тілдің өзегінде жатқан абстрактылық қатынастар (олар ұғымдық, 
сандық, сапалық және тағы да басқа абстрактылық сипатта болуы 
мүмкін) қазіргі тіл білімінде зерттеулерден тыс қалған сияқты. 
Тілдегі сандық, сапалық, мөлшерлік категорияларға мән берілмей, 
тілдік белгілеу мен математикалық, логикалық белгілеу арасында 
жасанды шекара тұрғызылған. Бұрынғы кеңестік философтар мен 
тілшілердің пікірі бойынша таза математика мен логика – адам 
санасындағы болмыстың қарапaйым бейнесін зерттеумен 
айналысатын салалар. Сонымен бірге тілдік таңбалауда жағдай 
басқаша болады, яғни адам болмысқа белсенді араласа отырып, 
одан керектісін ғана таңдап алады. Осыдан барып адамдардың 
араласуы кезінде тіл өзгереді деген тұжырым жасалады.
В. Гумбольдт, Э. Сепир, Б. Уорф және т.б. лингвист ғалымдар тілді 
болмыс пен ой арасындағы дәнекер ретінде бағаласа, А.Ф. Лосев 
зат туралы түсінікті заттың тікелей көрінісі емес деп, оны 
семантикалық іс-әректеттің нәтижесі ретінде таныды. Мұндай іс-
әрекеттің нәтижесі семема деп аталды. Ол бойынша 
математикалық белгілеу заттың субъективті қырларын елемей, зат 
туралы 
ойдан 
шығарылған 
абстрактылық 
түсінікті 
қалыптастырады, біркелкі, ұқсас сандық қатынастарды ғана 
зерттейді.
Тілде абстрактылық, сандық қатынастар өте аз кездеседі, 
сондықтан сан есімдерді математикалық белгіге жатқызбауға да 
болады 
деген 
пікір 
бар. 
Семеманың 
пайда 
болуы 
коммуникациямен тығыз байланысты болған соң, оны сезімнен 
пайда болатын бейнеге не жалпылаушы түсінікке теңеуге 
болмайды деп айтылады. Семантикалық сала тіл білімінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет