Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет43/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
109
Дел-сал қос сөзінің әуелгі түрі ел-сел болуы керек,-дейді профессор 
С.Кеңесбаев /3, 41/.
Сал сөзін де аурумен байланыстыруға болады. Сал ауру - бөксесін 
баса алмай, төсек тартып жатып қалатын ауру түрі; сал-сал болды – сай-
сүйегі сырқырады, буын-буынына баса алмады; сал сүйек – дененің 
әлсіздігі /10.2/. Әсіресе әйелдердің қақ-қақ, кір үсті-бастарын сал-сал 
деп те айта береді. 
Башқұрт тілінде сал көнерген, ескірген, шашы ағарған сияқты 
мағыналарды жұмсалады. Ноғай тілінде «сел» - тынық, ақырын, жай; 
якутша «эл-дээл» - бейқам, салақ мағыналарында кездеседі. Тувалардың 
«салгаа» сөзі де «бейқам, салақ» ұғымын береді. Осы сөздердің түбірі 
қазақ тілінде қос сөз құрастыра отырып, түпкі мағыналарын жоғалтпай 
сақтаған. Мұнан «дел-сал» қос сөзінің әр сыңары «ақырын, бейқам, 
салақ» мағыналарын білдіріп тұрғанын көреміз.
Салақ, салдақы, салдама, салқам, салқар т.б. сол сияқты сөздердің 
ерте кезде бір түбірден шығуы мүмкін. Олай дейтініміз бұл сөздер тек 
мағыналық жағынан бір-біріне жақын сөздер ғана емес, сонымен қатар 
түбірі сал болып екінші бөліктері не қосымша, не фонетикалық өзгеріске 
түсіп, бірігіп кеткен жеке сөз деуге әбден сияды.
Қазіргі тілімізде дерт аурумен байланысты айтылады, әсіресе денеге 
бөртіп шығатын аурулардың түрін атаған. Сонымен қатар, бұл сөз арман, 
қайғы, қасірет, ынта мағыналарында да жұмсалады. Сондықтан да дерт 
сөзінің қайғы сөзімен қосарлануы соңғы мағынасынан келіп шығады. 
Әсіресе ішінде сол дерттен тыным алғызбайтын жалынды шоқ 
жатқанда, Ғайшаның сөз қылуы әбден дұрыс емес пе? /М.Ә./.
Көне түркі жазбаларда («Құдатғу білік») дерт сөзі кездеседі. Онда 
ауру, денені басқан ауырлық мағыналарында жұмсалған. С.Е.Малов бұл 
сөзді парсы тілінен енген сөз деп қарайды /1.377/. Қазақ тілінде қос сөздің 
сыңары ретінде қолданылғанда, ол сөз көбінесе ауыспалы мағынасында, 
қос сөздің бірінші сыңарына қарай ауыса қоданылады. Ес адамның бір 
психологиялық мүшесі болса, дерт сөзі соны толықтырып, экспрессивтік 
мағына қосарлап тұрады. 


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕРІМЕН 
САБАҚТАСТЫҒЫ
110
Мең-зең қос сөзі қазіргі қазақ тілінде басы қатты ауырып, тұла-бойы 
дел-сал болған деген мағынада қолданылады. Бұл сөздер жеке-жеке түбір 
қалпында тілімізде көбіне кездеспейді. Қазіргі тілімізде қолданылып 
жүрген біраз сөздер осы түбірден туған болса керек. Олар: меңдеу - әлі 
құрып, дәрмені кету, қалжырау, сырқаты ауырлап әлсіреу: меңдуана – бас 
айналдырарлық иісі бар, сары араласқан ақшыл көк гүлді көбіне дәрі-
дәрмек ретінде қолданылатын улы жабайы өсімдік; меңіреу – сын есім 
қызметінде,- түк білмейтін кеще, су ма /10.2/. Бұл соңғы келтірілген 
сөздердің түбірі мең сөзі, ал екінші белгі не қосымша, не бірігіп кеткен 
бүтін сөз. Мысалы, меңдуана сөзі мең сөзіне –дуа (дауа) сөзінің бірігуі 
арқылы жасалған. Ал бірінші сөздің екінші бөлшегі етістіктің аффиксі 
екені айқын. Бұл айтқандарымыз мағына жағынан да сәйкес келеді.
Зең сөзін де осы жолмен қарауға болады және бұл сөз мағыналық 
жағынан жоғарыдағы талдаған сөзімізге жақын. Қазіргі тілімізде 
қолданылып жүрген зеңгу, зеңгіп – басы айналып, мең-зең болу: зеңу 
– шаршағанда, қажығанда бастың мең-зең болуы /10.2/ сөздерінің 
түбірі зең екеніне дау болмасқа керек. Оны түбірлерінің ұқсастығы мен 
мағыналарының синонимдестігі де дәлелдей алады. Зең сөзі көбіне жеке 
қолданылмағанымен зеңгу, зеңгіп, зеңу, зеңіп сөздерінде қосымшалар 
қопарылып, ал сөздің негізгі түбірі сол қалпында қалып отырады. Ал 
мұны тілімізде басқа да қолданылып жүрген сияқты өлі түбір десек те 
болады. Ондай фактілер тілімізде қазірдің өзінде кездесіп отыр. Оят-
оян-ояу, уат-уан т.б. сөздердің қазір түбірін дәл ажырата қою қиын. 
Әйткенмен де негізгі түбірі оя деп қараймыз. Біздің талдап отырған 
сөздеріміз осыған жақын.
Азық-түлік, мал-мүлік
Осы күндері мал тегіс сойылып болып, азық-түлік ас үйлерге әбден 
жайғасқан.... /М.Ә./. Дәрменді айыптап, мал-мүлік айыбын кесіп, әуелі 
тонап алып, содан әрі аластап, ел ішінен айдап тастар еді. /М.Ә./
Азық-түлік қос сөзі басқа да түркі тілдерінде қолданыла береді. 
Ойрот тілінде «түл» деп ет пісіруді айтады. Қазақ тілінде түлік сөзі көбіне 
малмен байланысты айтылады, малдың төрт түрі. Ал азық сөзі тамақ 
мағынасында көне жазбалаларда да қолданылған. Мүлік сөзі де көне 
ескерткіштерде бар. Бірде ол патшалық, мемлекет, қазына мағынасында 


 Отарбекова Жәмила Керімбайқызы,
111
келсе, екіншіде ел билеу, патша мағынасында жұмсалады. С.Е.Малов бұл 
сөздерді араб тілдерінен енген деп қарайды. Бұл сөздер қазіргі тілімізде 
әбден сіңісіп, төл сөздей болып кеткен. Қазақта көбіне мүлік деп дүние-
жиһазды айтады. Осыған қарамастан түлік сөзімен мүліктің ата тегі 
бір болса керек. Өйткені, қазақтың мінсе көлігі, іші-жесе азығы, жиса 
дүниесі мал болған. Байлығы да малмен есептелген. Сондықтан да түлік 
сөзінің азықпен, мүлік сөзінің малмен қосарланып жұмсалуы кездейсоқ 
емес деп қарау керек.
Осындай этимологиялық зерттеулер екі сыңары да мағынасыз 
қос сөздердің әуел баста дербес мағынасы бар сөздерден жасалғанын, 
кейбірінің дыбыстық өзгеріске ұшырау нәтижесінде өзіне тән 
дербестігінен айрылып, қосалқы мүше ретінде қалып қойғанын көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет