Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
122
көрініс табады. К. Юнг түпбейнеге ерекше мән береді. Оның болжауынша, 
мифологиялық образдардың, магия мен алхимияның негізгі астарында 
осы түпбейнелер жатады. Қазіргі мәдениеттану және мәдени философия 
ғылымы «мәдени түпбейне» ұғымын белсенді қолданады, алайда бұл 
концепцияны зерделейтін біржақты көзқарас жоқ. Қазіргі ғылымда 
мәдени түпбейне «рухани дүниені қалыптастырушы модель, мәдениеттің 
бастапқы элементі» ретінде қарастырылады [Культурология: ХХ век: 
Словарь. - С.Пб.: Университетская книга, 1997, с. 38]. 
Әрбір ұлттық мәдениетте өзінің этномәдени түпбейнесі маңызды 
рөл атқарады. Ол ұлттың ерекше өзіндік дүниетанымдық болмысын, 
мінезін, дәстүрін, салтын, көркем ойлау жүйесін, тарихы мен тағдырын 
да айқындап көрсетеді. Этномәдени түпбейне ұлттық рухани болмыспен 
сәйкес қарастырылады.
Мәдени түпбейне мәдениеттің, рухани болмыстың тек өткені мен 
қазіргісін ғана саралап бағаламайды, сонымен бірге мәдени және рухани 
дамудың болашағына да болжам жасай алады. Ұлттық мәдениеттің 
өміршеңдігі түпбейненің бүтіндігімен, еркіндігімен, негізділігімен, 
бар болуымен, нақтылығымен тікелей байланысты. Мәдени түпбейне 
мәдениеттің басты әрі негізгі бірліктерін құрай отырып, мәдени өмірдің 
басты модельдерін де жасайды. Әлемдік ғылымда мәдени түпбейненің 
екі түрі бар деп есептеледі: 
- әмбебап мәдени түпбейне; 
- этникалық мәдени түпбейне. 
Әмбебаптық мәдени түпбейнеге табиғатты пайдалану (от, су, ауа, 
топырақ), аласапыран, жаратылыс, ер мен әйел одағының әуелгі бастауы, 
ұрпақ жалғастығы сынды адамзат санасына ортақ бастапқы бейнелер 
жатқызылады. Әмбебаптық мәдени түпбейне адамзаттың өмір сүруінің 
басты әрі тірегі саналатын жалпы мәнді танытады да, оның дамуындағы 
жалпыға ортақ генезистік құрылымдарды құрайды.
Ал этникалық мәдени түпбейне ұлттық рухани құндылықтар деп 
танылатын этностың мәдени бүтіндігі мен тектілігін айқындайтын 
концептік құрылымдардан тұрады. Мәдени түпбейнені зерттеуші 
ғалымдардың пайымдауынша, әрбір ұлттың мәдениетінде этномәдени 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
123
түпбейнелер бастапқы және маңызды рөл атқарады, сөйтіп ұлттық 
дүниетаным, мінез, көркем шығармашылық, ұлттық болмыс пен оның 
тарихи санасын белгілейтін басты факторларды анықтайды [Cultural 
studies. XX century. Encyclopedia: in 2 vols. - St.: Marshmallow, 1998. - T. 
1. 2. Starygin, A.V. Forms of manifestation of catholicity, and eschatology as 
hell of the Russian national consciousness in literature and folklore: Thesis. 
... Candidate. Sc. Science. - Barnaul, 2003. 3. Cultural studies. The twentieth 
century: the dictionary. - St.: University Book, 1997. 4. Tleuzh, A.D. Ethno-
cultural archetypes Adyghe nation: the experience of philosophical and 
cultural understanding: Dis. Dr. Sc. Science. - Krasnodar, 2007].
Мәдени түпбейнелер адам баласының ежелден келе жатқан танымдық 
ерекшеліктерінің болуымен де мәнді. Ұлттық мәдени түпбейнелердің 
ізін табу үшін қазіргі дүниетанымымыз бен дәстүрімізде, салтымызда 
сақталып қалған мәдени құндылық саналатын ұғымдарды талдап
саралап, қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасындағы танымдық 
ақпараттардың үлгісі ретінде сақталған жұрнағын саралау қажет. 
Қазақтың мәдени түпбейнесінде мұндай қалдық-жұрнақтардың көрінісі:
- салт-дәстүр ұғымдарының ішкі мәнінде; 
- географиялық атаулардың мағыналық құрылымында; 
- шаруашылыққа, кәсіпке қатысты ұғымдар мен атаудың 
құрылымында; 
- ырымдар мен тыйымдарда; 
- діни ұғымдарда; 
- әлеуметтік мәнді атаулар мәнінде; 
- мәдени ұғымдарда сақталған.
Мәдени түпбейненің көрінісі қазіргі дамыған, жетілген қалпында 
ұлттық құндылық, адамзаттық құндылық деп бағаланатын ұғымдардың 
өзексемасында жатады. Мәдени түпбейне ұлттық құндылықтардың 
өзегінде жататындықтан, оны этномәдени түпбейне (архетип) ретінде 
қарастыратын ғалымдар да бар. Мәселен, А.Д. Тлеуж «Этнокультурные 
архетипы адыгского народа: опыт философского-культурологического 
осмысления» атты докторлық диссертациясында (Автореф. докт. дисс,. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет