Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
116
поскольку язык - это структура, несущая значение, и мыслить - значит 
оперировать знаками языка. [Бенвенист Э. Общая лингвистика. - М., 
1974. 114 с.].
Тіл - әлем туралы түсінікті (әлем бейнесін) және адамның өз 
болмысын танып бағалайтын құндылықтар жүйесін қалыптастырушы. 
Сондықтан дүниетанымды қалыптастыруда, ділді жүйелеп, негіздеуде 
тіл маңызды әрі жетекші рөл атқарады. Тіл мен ділдің арасындағы 
байланысты айқындауда, біз Э. Бенвенист тұжырымдамасын негізге ала 
отырып, тілді алғашқы модельдеуші жүйе ретінде танып, діл - тілдегі 
таңбаланған басты ақпараттық құрылымдар мен рухани және мәдени 
құндылықтарға негізделеді деп танимыз. Яғни, танымның алғашқы 
белесі тілде таңбаланады, жүйеленеді, діл тілдегі әлем бейнесі мен 
құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасады. Сондықтан тіл мен діл бір-
бірімен тығыз байланысты.
Орыс тіл ғылымында ділді лингвистикалық аяда зерттеген В.В.Колесов 
«менталитет», «ментальность» терім сөздерін бөліп қарастырады. 
Сөздің ішкі мағыналық құрылымының иіріміне сүңгісек, бұл дұрыс та. 
Ғалым латынның «mens» сөзінен туындайтын бұл терминнің мағынасын 
– пайым – ақыл – (даналық емес) – ойлау – ой бейнесі – көңіл күй – 
рухани астар бағытында дамитынын түсіндіре келіп, ментальдылық 
менталитет аясынан өсіп шығады деп жазады. «Ментальность возникла 
на фоне менталитета. Ментальность в нашем смысле - нечто душевно-
мягкое, понятие скорее этическое, чем логическое, и даже не понятие, а 
представление, которому определение дать столь трудно, что никто его и 
не дает». Это взгляд на мир той человечьей породы, которая ratio ставит 
на присущее ему место, предпочитая logos — то неуловимое единство 
мысли и чувства, которое и создает, и крепит русские «общинные 
предрасположения». [Колесов В. В. Русская ментальность в языке и 
тексте. 2006: Издательство: Петербургское Востоковедение].
Біз «ментальность» ұғымын «ділдік» терім сөзімен, менталитетті 
«діл» сөзімен таңбалаймыз. Діл мен ділдік ұғымы бір-бірімен тығыз 
байланысты бола тұра, бір-бірінен мазмұндық формалары жағынан 
айырмасы бар ұғымдар ретінде қарастырылады. «Ділдік» - ана тіліндегі 
сөздер мен сөзтұлғалар, тілдік категориялар негізінде әлемді тану, ұлттық 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
117
мінездің типтік сипаттары мен көріністерін зияткерлік, ізгілік қасиеттері 
сынды рухани қасиеттерді байланыстырып әлемді қабылдау. «Ділдік» – 
таза қисын мен ақылға емес, сонымен қатар этикаға да негізделеді.
Діл – жалпы дүниетанымдық бағдар, адам тіршілігінің мәні мен
мақсаты болып санатын санамызда қалыптасқан негізгі құндылықтарды 
айқындайды. 
Құндылықтарға: 
- этикалық құндылықтар;
- эстетикалық құндылықтар; 
- саяси құндылықтар; 
- діни құндылықтар; 
- моральдық құндылықтар; 
- рухани құндылықтар т.б. жатады.
Діл – адам мінезін, мәдениетін айқындайды, яғни жеке адамның 
немесе белгілі ұжымның санасын бейнелеп, құндылықтар арқылы 
ұлттық, жалпыадамзаттық деңгейде көрініс табады.
Ұлттық діл (немесе этнос ділі) – халықтың тарихи тұрғыда рухани, 
экономикалық, этникалық дамуындағы барлық ерекше мінезі мен ерекше 
белгілерінің күрделі жиынтығы. Кез келген ұлттың ділі оның ұлттық 
біртектілігін, ұлттық кодын, этникалық жалпылығын сипаттайтын басты 
белгі ретінде қызмет етеді.
Ділдік – қоғамдық сананың көрінбейтін терең бөлігі. «Ділдік» 
ұғымында басты субъект жеке тұлға емес, жалпы әлеумет болып 
саналады. Оның басты мазмұны басты рухани құндылықтар; ойлаудағы, 
мінездегі, эмоциядағы негізгі стеореотиптер, өзіндік әлем бейнесі.
Ділдің қалыптасуы мен дамуы, ең алдымен, қоғамдағы құндылықтарға, 
адами жоғары мұраттар мен мәдениетке, әлеуметтік құрылым мен өмір 
сүрген ортасы қалыптастырған санаға тікелей байланысты.
Талдау. ДІЛ бастауы – ТҮПБЕЙНЕ (архетип) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет