Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
ДІЛ САБАҚТАСТЫҒЫ
САЛҚЫНБАЙ АНАР БЕКМЫРЗАҚЫЗЫ


114
ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ 
ДІЛ САБАҚТАСТЫҒЫ
Салқынбай Анар Бекмырзақызы
филология ғылымдарының докторы, профессор
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
asalkbek@gmail.com
Кіріспе
. Тіл ғылымының мақсаты оның тек құрылымдық, формальдық 
сипатын анықтаумен, грамматикалық құрылымды талдап, жіктеумен ғана 
айқындалмайды, сонымен бірге адамның өз-өзін, айналадағы көрінетін 
және көрінбейтін құбылыстарды тануы барысында қалыптасатын 
көзқарасы мен пікірін, әлем бейнесіне қатысты қарым-қатынасын 
мақсатты түрде таңбалайтын атаулардың сыры мен мән-мағынасын, 
санада қалыптасып, жатталып, қатталып, сақталып есті, жадты негіздей 
топтастырып, жинақтайтын жүйелейтін кілттік ұғымдарды саралаумен, 
ұлттық ділді негіздейтін ұғымдарды айқындап, саралаумен де тікелей 
байланысты. Адам баласын, адамзат қоғамын тілсіз көз алдыңызға 
келтіре алмайсыз. Күнделікті үйреншікті сөйлеу барысында біз өзіміздің 
сөзіміздің қайдан шығып жатқанына, айтқанымыздың оң-терісі мен 
дұрыс-бұрысына мән беріп жатамыз ба? Ал тілдің біздің санамызға, 
ойымызға әсері қандай? Сөйлеу барысында берілетін ақпараттар легі 
қалай пайда болады, қайда жинақталып, тілдік бірліктер арқылы қалай 
таңбаланады деген сұрақтардың көбі ғылымда жауапсыз. Тіл санада 
қабылданып, танылған зат не құбылыс бейнесін таңбалап қана қоймай, 
оны тілдік құрылымда қалыптасқан жүйелі құрылымға салып, қалыптап, 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
115
түсінікті лебіз қалпындағы мәтінді ұсынады. Тілдік осындай қалып пен 
құрылымдық безендіру болмаса, ойды қабылдау және түсіну мүмкін 
болмас еді. Тек бейвербальды амалдарды пайдаланып, толық түсінік ала 
алмасыңыз белгілі.
Зерттелуі: Тіл адам дүниетанымының, мінезінің, әдетінің, әдебінің 
қалыптасуына әсер ететін ең басты фактор. В. Фон Гумбольда бұл туралы 
«человек становится человеком только через язык, в котором действуют 
творческие первосилы человека, его глубинные возможности. Язык 
есть единая духовная энергия народа» - деп жазған болатын [Гумбольдт 
Вильгельм фон. Избранные труды по языкознанию. М.: Прогресс, 1984. 
— 400 с.].
Кез келген ұлттың өмір сүруінің, дамуының басты кепілі – оның 
тілі, өйткені негізінен, ұлттық код тілде өмір сүріп, рухани болмысын 
сақтайды. Мұндай философиялық тұжырымдаманы кезінде Гумбольдт 
ұстанған. Ғалымның пайымдауынша, «тіл - халық қызметінің мәні, 
адамның рухани белсенділігінің негізі». Бұдан аңғарылатын жайт 
мынадай: тіл - адам санасына әсер ете алатын басты, ең күшті құрал; тіл 
- әлемді танудың негізі; біз өзіміз тіл арқылы таныған әлемде ғана өмір 
сүре аламыз.
Тіл мен ойлау арасын терең зерттеген Эмиль Бенвенист өзінің 
«Категория мысли и категория языка» атты мақаласын «Применения 
языка, на котором мы говорим, столь многообразны, что одно их 
перечисление вылилось бы в обширный список всех сфер деятельности, к 
каким только может быть причастен человеческий разум» - деп бастайды 
[Бенвенист Э. Общая лингвистика. - М., 1974. - С. 104-114]. Шынында 
да, тілдің қабілеті мен қасиетін, қызметі мен қадірін түсініп, түсіндіріп 
болдық па? Пайымдай алып, байыбына жете алдық па? 
Э. Бенвенист Аристотель идеяларына сүйеніп, тілді әмбебаптық 
семиотикалық құрылымдық жүйе ретінде танып, мынадай тұжырым 
жасайды: «Никакой тип языка не может сам по себе ни благоприятствовать, 
ни препятствовать деятельности мышления. Прогресс мысли скорее более 
тесно связан со способностями людей, с общими условиями развития 
культуры и с устройством общества, чем с особенностями данного языка. 
Но возможность мышления вообще неотрывна от языковой способности, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет