Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет48/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
120
халықтың атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылықтар 
жүйесі бар. Ол замана дамуында бірегейленіп, бүтіндікке ие болып, 
ұлтқа ортақ дүниетаным, ұлттық ерекше белгі ретінде танылады да, 
дайын сипатқа ие болады. Бұл түптеп келгенде, этностық сананы, ұлттық 
сананы қалыптастырады. Демек, діл – ұлттық сананың басты белгілері 
мен көрінісін танытады. 
Діл туралы теориялық мәселелерді қозғамас бұрын оған табиғаты 
жағынан жақын келетін бірнеше ұғымдарды анықтап алу жөн: 
- Мәдени түпбейне (архетип);
- Ұлттық мінез.
Мәдени түпбейне – адам баласының рухани дүниесінің қалыбын 
қалыптастырушы, бастапқы тетікті ұғымдарын негіздеуші мәдениеттің 
негізгі бірлігі. Ірілі-уақты ғылыми зерттеулер мен энциклопедиялық 
еңбектерде «мәдени түпбейненің» қалыптасуы мен дамуы бүкіл 
адамзаттық мәдениеттің тарихи қоғамдасу үдерісіндегі жүйеленуі мен 
мәдени тәжірибелерінің шеңберінде орындалатыны аталады. 
Мәдени түпбейне (культурный архетип) ұғымын алғаш енгізген 
ғалым – Карл Юнг. Ол мәдени түпбейне ретінде текпен берілетін және 
терең тарихи мәні бар мифологиялық символдармен жаңғырған сананың 
күрделі сипатын атайды. Мифологиялық символдар ретінде ғалым – 
көлеңке, Анима, Анимус (лат. anima и лат. Animus - «өмірдің бастауы» 
немесе «жан» ұғымдарын атайды. Бұл терім сөздерді архетиптік 
бейнелердің белгісі немесе таңбасы ретінде таңбалау үшін Карл Юнгтің 
өзі енгізген), Ана, Бала, Шал, Дана, Күн т.б. – ұғымдарын алады. 
Карл Густав Юнгтің өзі 1875 жылы Швейцарияда шағын Кесвиль деген 
жерде германиялық священниктің отбасында дүниеге келген. Отбасы 
«жоғары текті» болғанымен, Карл балалық шағында кедейліктің зарын 
тартқан деседі. Кейін туыстарының жәрдемімен Юнг өз заманындағы ең 
жақсы оқу орны саналған Базель гимназиясында оқуға мүмкіндік алады. 
Гимназияда да, университетте де үздік оқиды, әсіресе философияға 
ерекше қызығады. Зерттеулерден өзінің іздеген рухани ізгіліктерінің ізін 
таппаған Юнг философиялық ізденістерге тереңірек ден қояды. Өзінің 
естеліктерінде былай деп жазады: «Здесь было эмпирическое поле, 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
121
общее для биологических и духовных фактов, которое я искал повсюду и 
нигде не находил. Здесь же коллизия природы и духа стала реальностью» 
[Юнг. К. Архетип и символ. М. Выш. шк 1991].
Филология факультетінде Ницшені жақсы білетін профессорлар 
болады, Карл Юнг Ницше философиясына қанығады. «Мы стали 
богатыми в познаниях, но бедными в мудрости», - деп жазады кейіннен 
Карл Юнг. 
К. Юнг «Архетип – элемент коллективного бессознательного» дейді. 
Фрейдтің психологиялық зерттеулерін талдай келе, әртүрлі халықтарда 
кездесетін мифтердің құрылымдары мен сюжеттеріндегі ортақтықты 
анықтай келе, олардың арасында ортақ ұжымдық түпсаналық бар деген 
тұжырымға келеді.
Ал мәдениет – осы түпбейненің көрінісі деп бағалайды. Мәдени 
түпбейне – адам өзі саналық деңгейде түсіне қоймайтын, алайда 
түпсаналық ақпараттар негізінде орындалатын тұрақты түсінік. Ол адам 
әрекеттерінің орындалуының негізі, бірақ, екінші жағынан ол адам өз 
ісінің, әрекетінің әуелгі түпсаналық қалыптан шығатынын аңғармайды.
Түпсаналық қалып - «жасырын». 
Карл Юнг «түпбейне» концепциясын ғылыми тұрғыдан тұжырымдау 
үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен екен. Зерттеуші ғалымдар бұл ғылыми 
мәселені мәдениеттің мәнін ашу немесе психологиялық зерттеулер деп 
таниды. Жеке тұлға мен оның дамуында (денсаулығында да), маңызды 
орны алатын әлеуметтік-мәдени үдерістер деп таныған Карл ұстазы З. 
Фрейд сияқты психиатриялық әдістерді мәдениетпен аналогия жасап, 
салыстырып, адам қызметінің әртүрлі аясын зерделей келіп, оны жеке 
тұлға ретінде де, социум ретінде де қарастырады [1. З. Фрейд. Введение 
в психоанализ. М. Выш. шк 1991. 2. З. Фрейд. Будущее одной иллюзии 
Сумерки богов М 1990. 3. Фромм. Э. Душа человека.].
К. Юнгтің пайымдауынша, ұжымдық бейсаналық мазмұн гендік 
ақпарат арқылы тарап, адамның психикасында өсіп дамиды. Туғанда 
берілетін бұл бағдарлама негізінде әмбебап үлгідегі мінез-құлық, 
рефлекстер, қабылдау, ойлау, елестету пайда болады, осылайша ұжымдық 
бейсаналық мазмұн жалпы адамзатқа ортақ алғашқы бейнелер болып 
қалыптасады. Түпбейне мифтерде, ертегілерде, магияда, алхимияда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет