Салқынбай Анар Бекмырзақызы
119
Х. Штейнтальдың ғылыми бағытын психолог әрі лингвист В.
Вунд, прагмалингвистика маманы П. Вегенер,
сондай-ақ, Г. Пауль
зерттеулерінде жалғастырды. Өз еңбектерінде Штейнталь тілдің ішкі
формасы туралы ұғымды сақтап, тіл дамуының деңгейлігі туралы
идеяны ұстады. Негізгі идеялары «Грамматика, логика и психология, их
принципы и взаимоотношения» (Grammatik, Logik und Psychologie, ihre
Prinzipien und ihr Verhaeltnis zueinander, 1855), «Введение в психологию и
языкознание» (Einleitung in die Psychologie und Sprachwissenschaft, 1871)
сынды ғылыми зерттеулерінде қамтылды.
Этнопсихологиялық бағытта жазылған бұл зерттеулерде «менталитет»
болмаса «діл»
терім сөздері қолданбағанымен, ғалымдардың
зерттеулеріндегі көтерілген нақты мәселе осы құбылыстың қыр-сырын
тануға арналды.
“Mentalete” терім сөзін алғаш қолданғандардың бірі француз
психологы және этнографы Л. Леви-Брюль өзінің “Les functions mentalas
dans les societes inferieures” (1910) (“Ментальные
функции в низших
обществах”) и “La mentalite primitive” (“Первобытная ментальность)
атты зерттеу еңбектерінде «менталитет» ұғымын талдады. Негізгі
мағынасы «ұлттық мінез», «этникалық сана», «ұлттық психология»,
«дүниетаным», «психология» сияқты ұғымдарды анықтайтын бұл терім
сөз осы қолданыстан кейін ғылыми айналыста жұмсала бастады.
Қазақ философиясында «діл»
ұғымы философиялық бағытта
біршама жақсы қарастырылған. Зерттеушілер «діл» категориясын жеке
тұлғадан бастап, әлеуметтік топтардың, этностың, ұлттың әлеуметтік-
психологиялық және рухани болмысын анықтайтын негізгі мәдени-
тарихи феномен ретінде қарастырады.
Сөз - «Алладан шыққан бу» (Шаһкәрім), ол
қоғамды қарым-
қатынасқа түсіруші,
реттеуші, рухани қалыбын сақтаушы, басқарудың
негізгі құралы да. Тілді тек қарым-қатынас құралы ретінде қарастыру
аз, ол тарихи қалыптасқан дүниетанымды таразылаушы, реттеуші,
жинаушы, сақтаушы.
Діл – белгілі ұлтқа, этносқа тән нақтылы тарихи-мәдени жағдайда
қалыптасқан дәстүрдің, салттың, дүниетанымының, мінездің, іс-
әрекеттердің біркелкі сипаты мен сырын танытатын ұғым. Әрбір