Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
124
Краснодар, 2007) этномәдени түпбейнелер ұлттық руханилықтың негізін 
құрайтынын және белгілі бір этностың мәдени бүтіндігін анықтайтын 
және қасиетін танытатын негіз екенін дәлелдейді. Қазіргі ғылыми 
зерттеулерде «мәдени түпбейне» мен «этномәдени түпбейне» ұғымдары 
синоним ретінде қолданылады. 
А.Д. Тлеуждің пайымдауынша, әуелгі образдар халық ауыз 
әдебиетінде сақталып, жеке тұлғаның қалыптасуына, соның негізінде 
айқындалатын қоғамдық сананың орнығуына игі әсер етеді. Ұлттық сана-
сезімнің өсіп-жетілуінің басты көрінісі – өзінің тарихына, мәдениетіне, 
дәстүріне, салтына, тіліне деген үлкен қызығушылықтан байқалады 
дейді ғалым (Сонда, 5-бет).
Қазақ тіліндегі мәдени түпбейнені айқындау, саралау мәселесі тіл мен 
діл арасындағы байланысты зерделеу үшін ғана маңызды емес, сонымен 
бірге жеке тұлғаның қалыптасуында дәстүрлік таным формаларын қазіргі 
жағдайға сәйкестендіре қолданып, ұлттық танымды ірге етіп тәрбиелеу 
үшін де өзекті. Дәстүрлі ұлттық таным мен білімді тиімсіз немесе 
«ескіліктің сарқыншағы» деп қабылдамайтын көзқарасты қазіргі таңда 
батыс білімдарларының өзі қате деп есептей бастады. Мыңжылдықтар 
легінде қалыптасып дамыған ұлттық болмысты танытар мәдени түпбейне 
гуманистік ұстанымдарға негізделгенімен де өзекті болмақ.
Қазақ ауыз әдебиетінің көркем үлгілері туралы тарихи
археологиялық, әлеуметтік, философиялық, этнографиялық бағытта 
зерттеп, зерделеген ғылыми жұмыстар мол. Халық ауыз әдебиетіндегі 
мәдени түпбейненің сипаты мен мәні, танымдық ерекшелігі, эпостық 
образдар қалыптастырған кесек мінез бен келбеттің бүгінгі ұрпақты 
тәрбиелеудегі маңызы сынды мәселелер зерделенуі тиіс. 
Қазақ халқының этномәдени түпбейнесі – рухани мәдениеттің 
бастапқы негізі, сонымен бірге жаңа тарихи контексте этникалық 
тәжірибелермен молығып, толығып, қазіргі заман сұранысына сай 
әлеуметтік тұрғыдан бейімделіп, болашақ жаңалықтарға да орын береді, 
яғни этномәдени түпбейнені қатып қалған құбылыс ретінде тануға 
болмайды. Этномәдени түпбейне ауыз әдебиетіндегі белгілі эпостық 
және лироэпостық шығармалардағы көркем және тарихи бейнелер 
арқылы қалыптасқан мінез бен мәдени дәстүрді сақтай отырып, оның 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
125
даму жолын да көрсетеді. Этномәдени түпбейне қазақ халқының ұлттық 
болмысы мен жалпы дүниетанымын айқындайтын, әлем бейнесінің 
өзіндік моделін құрайтын маңызды да мәнді сипатты белгінің бірі. 
Оның мазмұны мәдени тұрғыдан алғанда ерекше болады да, этномәдени 
түпбейне философиялық-мәдени білімінің нақтылығы мен жекелігін 
танытады. 
Этномәдени түпбейненің қалыптасуы адамзаттық этномәдениеттің 
деңгейінде жасалып, жеке халықтың мәдени тәжірибесі мен тарихи 
жүйеленуінің нәтижесінде құрылады. Жеке тұлға этномәдени түпбейнеге 
өзінің қатысы бар екенін нақты түйсіне алмаса да, ол сол мәдениеттің 
өкілі болады және өзінің ісі мен қызметі арқылы сол этномәдени 
түпбейне арқылы қалыптасқан мәдениетті жалғастырушы, дамытушы 
ретінде танылады.
Қазақ халқы мәденигенезінің терең тарихи тамыры бар, ол заманалар 
тоздыра бастаған ғасырлар қойнауына сіңіп барады, кейде алыстан анық 
көрінгендей болады, кейде бой тасалап, ұрпағына қойнын ашпай, сырт 
қабақ танытатындай. Неге десеңіз, бұл мұралар жазылған әліпбилер 
бүгінгі ұрпаққа таныс емес, таңсық. Ал қазіргілер таңсық нәрсеге қызыға 
қоймайтын прагматиктерге айналып барады. Даналықтың түпқазығы 
болып саналатын этномәдени түпбейне далалықтардың әлемді тануының 
басты күретамыры, сондықтан кез келген ұланының қанында қайта 
жаңғырығады. Бұл жаңғырығу дала мінезде, әлем бейнесін қабылдаудың 
әмбебап далалық моделінде, санасында және әрекетінде қайталанып 
отырады. Осы ретте этномәдени түпбейнені тарихи-генетикалық 
ұғымдар желісінде таразылаудың маңызы ерекше. Қазіргі ғылыми тілмен 
айтқанда, мұндай ұғымдар жүйесі концептуалданып, концептік сипатқа 
ие болған.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды зерделеуде 
этномәдени түпбейнелерді талдаудың, таразылаудың маңызы мен мәні 
ерекше. Өйткені бұлар қоғамның рухани-адами болмысы мен оның 
даму жолдарын құрайтын басты негіздер, әрі қоғамдық сана мен ұлттық 
санаға тікелей әсер етіп, ұлттың өзін-өзі тануының мәдени, тарихи, 
этникалық негізі болады. Этномәдени түпбейнені айқындайтын басты 
концептік негіздер ділді айқындаудың да басты тетігі ретінде танылады 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет