Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


Стиль түрлеріне қатысты мысалдар



бет36/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:

Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150-200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылусүйгіш ағаштар қатарына жатады.


Ғылыми стиль


Жолдың шетінде жалғыз емен өсіп тұрған... Бұл-екі құшаққа сыймайтын жуан, ескіден келе жатқан ауру бездерінен қартайып тұрған емен.Өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ-қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұрды.


Көркем әдебиет стилі


-Мереке құтты болсын!


-Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын!
-Саған табыс, сәттілік тілемін!
-Тілегің үшін көп рахмет!

Ауызекі сөйлеу стилі


Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.


Ресми іс-қағаздар стилі


Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен кейбір жер атауларына өзгерістер енгізілді.


Публицистика-лық стиль


9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа «Халық хаһарманы» атағы берілді.


Публицистика-лық стиль


Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.


Көркем әдебиет стилі


Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағыдай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді, төмен қарап, тырнақтарын шұқылады.


Көркем әдебиет стилі


-Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма барді?


- Ережелерді жаттауға берді.

Ауызекі сөйлеу стилі


Жауындату – ауыл шаруашылық дақылда-рын суарудың бір әдісі. Жауындатудан ылғал топыраққа біркелкі жайылады.


Ғылыми стиль


Түсінік
Мен, Асанов Үсен, бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.


20.05.2004

Ресми іс-қағаздар стилі


Екі ел арасындағы кездесуде Еуразия саудасындағы тауар тасымалына қызмет көрсетуде Ресей мен Қазақстан көлік жүйелерінің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударылды.


Публицистика-лық стиль


Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейді.


Ғылыми стиль





ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
«Қазақ тіл білімі» бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
  • Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?


A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6


  • Жалғаудың неше түрі бар?


A) 2 B) 3 C) 5 D) 1 E) 4


  • Үндестік заңының неше түрі бар?


A) 2 B) 3 C) 5 D) 6 E) 4


  • Тіл дыбыстарын не зерттейді?


A) лексика B) морфология C) фонетика


D) синтаксис E) стилистика
  • Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?


A) морфология B) лексика C) синтаксис


D) фонетика E) фразеология
  • Қайсысы синтаксисте қарастырылады?


A) екпін B) сөз табы C) мағына


D) сөйлем мүшесі E) қосымша
  • Қайсысы сөз табына жатпайды?


A) шылау B) жіктік C) үстеу


D) одағай E) есімдік
  • Қайсысының күрделі сөздің түріне қатысы жоқ?


A) туынды сөз B) біріккен сөз C) қос сөз


D) тіркескен сөз E) қысқарған сөз
  • Сөз табын табыңыз.


A) еліктеу сөз B) кірме сөз C) қос сөз


D) табу сөз E) кәсіби сөз
  • Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін тақырыбы?


A) морфология B) лексика C) синтаксис


D) фонетика E) фразеология


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет